Дидактикалық ертегі
Автор: moldir4424 • Октябрь 22, 2018 • Реферат • 270 Слов (2 Страниц) • 1,449 Просмотры
Дидактикалық ертегі
Ерте , ерте , ертеде ешкі жүні бөртеде Әдіснамма атты ұлы ғалым өмір сүріпті. Оның есімі – зертеушінің ойлау сипатының дамуын анықтауышы ретінден айқындап көрсетудіші дегенді білдіреді. Ол ел аралап, сапар шегіп, ғылым іздеп Грекияға барған кезінде оған «Методология» деген есім беріп, оны «Метод» деп атайды. Оның әлемге әйгілі 5 түрлі өзіндік ерекшеленген кітаптары бар . Олардың алғашқысы «Әдіснама туралы түсінік», бұл кітап әдіснаманың мәні, әдіс туралы ғылым, ғылыми таным туралы философиялық ілім және тікелей ғылыми зерттеулер туралы анық әрі нақты түрде мәлімет береді. Келесісі «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесі», бұл томында педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми- білімдер жүйесіндегі рөлі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара бойланысы , педагогикалық пәндердің жалпы және ерекше міндеттері, педагогиканың анықтамалық жүйесі жөнінде оқырманға женіл тілде жете түсіндірген. Үшінші кітабі «Эксперименталды-эмперикалық деңгей». Empirical яғни тәжірибеден өткізу арқылы бір топқа тұтастыру туралы жазп оларды мынадай 7 әдіске бөліп зерттеген: бақылау, педагокалық эксперимент, сұрақ-жауап , мұғалімнің озық педагогикалық тәжірибелерін , дәрігерлік ,оқушының шығармашылығын , мектептің педагогикалық құжаттарын . Келесі кітап «Теориялық деңгей әдістерінің мәні мен түрлері», бұл кітапты жаңаша 7 әдіспен қарастырған олар әдебиет көздерін зерттеу, талдау жинақтау, аналогиялық, абстракциялау жалпылау бөліктеу, моделдеу, болжау , математикалық және статистикалық әдістерді қолдануды ұсынған. Бесінші кітабы «Экперименталды-эмпирикалық және теориялық әдістердің өзара байланысы» бұл кітап екі бөлімнен тұрады алғашқысы екі әдіс бір-бірімен өзара байланысты, бірақ ұқсас емес, келер бөлімі құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді деп теорияға бөліп қарастырған. Методтың жазған теорияларымен ғалымдар қазіргі күнге дейін азықтануда. Оның аты ғылым тарихында аңыз ретінде сақталып, біздің күнге дейін жекен. Және келесі ұрпаққа да азық болары анық.
...