Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ересек тобына арналған дидактикалық ойындар

Автор:   •  Апрель 19, 2021  •  Реферат  •  16,041 Слов (65 Страниц)  •  1,007 Просмотры

Страница 1 из 65

Ересек тобына арналған дидактикалық ойындар

 Кімге не керек ?

 Мақсаты :

Қатысты заттарды дұрыс атану , қолдана білуге жаттықтыру . Сөздік қорларын молайту . Мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру .

Көрнекілік : 

Мамандықтардың суреттері , мақта , шприц , дәрі , витамин , бинт , қайшы .

Ойын шарты : 

Балаларға мамандық тақырыбына байланысты суреттер таратылады . Қандай мамандыққа не керек екенін , сурет арқылы қойып , айтып беру керек . Дәрігер - мақта , шприц , дәрі , витамин , бинт , қайшы . Аспазшы- пышақ , ожау , тәрелке , ыдыстар . Мамандыққа керек құралдарды дұрыс қойып , толық жауап берген бала жеңімпаз атанады .

Сандық

Мақсаты :

Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге , тапқырлыққа , шапшаңдыққа баулу . Ойын шартын түсініп , ондағы мақал - мәтел , жұмбақ , жаңылтпаштарды дұрыс , анық айтуға үйрету . Сөздік қорын молайтып , тапсырманы орындауға , достық , жолдастыққа тәрбиелеу .

Көрнекілік :

 Сандық , түрлі - түсті асықтар . Тапсырмалар жазылған конверт . Ойын шарты : Сандық ішіне салынған түрлі - түсті асықтар . Асықтар : қызыл , жасыл , сары түске боялған . Әр түске берілетін әр түрлі тапсырмалар . Ол- тапсырмалар . конвертке салынады . Жасыл асық алған бала : жұмбақ жасырады , шешкізеді . Сары асық алған балах мақал - мәтел айтады . Қызыл асық алған бала : тақпақ , өлең оқиды . Әрбір баланың жауабына , асық таратылады . Ойын соңында көп асық жинаған бала , жеңімпаз атанады . Заттарды топта Мақсаты : Баланың ойлау қабілетін дамыту . Суреттегі заттардың атын айтқыза отырып , сөйлеу мәдениетін қалыптастыру . Көрнекілік : Табиғат суреттері , бесбұрыш .

Ойын шарты :

Суреттерге қарап топқа бөлу және жалпы аттарын атау . Балалар аттарын атап , соған сөйлем құрастырады . Кім жақсы сөйлем құрастырса соған бесбұрышы беріледі , сол балалар жеңімпаз атанады . Сән ательесі Мақсаты : Балаларға суреттен көрген киімдердің аттарын атап , киімдер мен ұлттық киімдерді ажыратып топтастыруға , тапқырлыққа , шапшаңдыққа баулу.

Көрнекілік :

Жаңаша киімдер , ұлттық киімдер , хаттама .

Ойын шарты :

Хаттамаға салынған әр - түрлі киімдердің үлгілері балаларға таратылып беріледі . Балалар киімдерді және ұлттық киімдердің аттарын атап , оларды қашан , қайда киюге болатынын айтады . Ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды . Толық және дұрыс жауап берген балалар мадақталады .

Үй жануарлары

 Мақсаты :

Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға , олардың қимылын , қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттеп , оларды қорғауға , қамқоршы болуға тәрбиелеу .

Көрнекілік : 

Үй жануарларының , төлдердің суреттері .

Ойын шарты :

Балаларға үй сануарларының суреттері таратылып беріледі . Олардың қалай аталатынын , қалай дыбыстайтынын , қалай күтуге болатынын айтқызады . Сонымен бірге доно мүшелерін де атап , үй жануарлары туралы балалардың білетін сұмбақтарын шешкізеді . Әрбір баланың толық жауап беруіне байланысты , сыйлық таратылады .

Қарама - қарсы сөздер

Мақсаты :

Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой - өрісін кеңейту , ойлау қабілетін дамыту , сөздік қорын қарама - қарсы сөздермен молайту , зейінділгін арттыру .

Көрнекілік :

 Доп , карточкалар . Ойын шарты : Балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздердерінің бірін айтады , ал допты ұстап алған бала , тәрбиешіге кері лақтырып , айтылған сөзге қарама - қарсы сөзді айтуы керек . Тапқыр балаларды , тәрбиеші мақтайды .  Жер , су және ауа Мақсаты : Балаларға берілген тапсырманы тез шешуге , жылдам жауап беруге , жерде ауада , суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру , қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

...

Скачать:   txt (141.9 Kb)   pdf (427.3 Kb)   docx (58.9 Kb)  
Продолжить читать еще 64 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club