Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дидактикалық ойындар

Автор:   •  Апрель 22, 2020  •  Лекция  •  1,887 Слов (8 Страниц)  •  930 Просмотры

Страница 1 из 8

№13 Лекция тақырыбы:   Дидактикалық ойындар –  педагогті даярлау мен оның біліктілігін арттырудың акмеологиялық технологияларының формасы

Лекция  мақсаты мен міндеттері: Педагогті даярлау мен оның біліктілігін арттыруда, оқу процесін ұйымдастыруда дидактикалық ойындардың  маңызы жайлы студенттердің білімдерін қалыптастыру, түсініктерін дамыту.

Лекция  мазмұны:

Тұлғалық-бағдарлы оқытудың аясында əртүрлі технологияларды қолдануды талап ететін білім беру үдерісінің бірнеше түрлері қолданылуы мүмкін. Олардың үйлесімі жоғары оқу орнының оқытушысына кешенді технологияларды қолданып, студенттерді жүйелі-модельдеуші деңгейге сатылы түрде жетелеуге мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар акме-бағдарланған технологиялар болып саналады.

Акме-бағдарланған технологиялар тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы ұйымдастырылатын, жүзеге асырылатын əдістер, тəсілдер мен техникалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Технологиялардың айрықша ерекшелігі ретінде, олардың гуманизм принциптеріне сүйенуі, адам дамуының жоғары деңгейлеріне, соның ішінде кəсіби іс-əрекет саласында жетістікке жетуге бағдарлануы алынады.

«Технология» термині грек тілінен аударғанда (techne – «өнер», «шеберлік» + logos – «сөз», «ілім») – «өнер туралы ғылым» деген сөзді білдіреді. Қазіргі орыс тілінің сөздігінде, «технология» деп белгілі бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тəсілдердің жиынтығы аталады. Мұнда келесі сұрақ туындайды: «технология» терминін стереотиптік түрде болмайтын жəне іс-əрекет субъектілерінің мүмкіндіктерін есепке алатын педагогикалық іс-əрекетте қолдануға бола ма? Жауабы: егер аталған ұғымды педагогикалық үдеріс сияқты əртүрлі вариативті жағдаяттарда қолданатын болса, оқытушыда тұлғаның қажеттіліктері, мүмкіндіктері, резервтері бар тірі адам болады.

В.П. Беспалько педагогикалық технология деп оқу-тəрбие үде-рісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасын атайды. Автордың пікірі бойынша, педагогикалық технологиялардың мəні мынада: біріншіден, педагогикалық технология арқылы, педагогтар практикалық оқытуды педагогикалық экспромттарды барынша азайтуға жəне алдын ала оқу-тəрбие үдерісін жобалауға, жобаны қайта жаңғыртуға тырысады. Мұны жоғарыда көрсетілген контексте табысты орындалуы мүмкін, яғни «дидактикалық міндет» жəне «оқыту технологиялары» ұғымдарына қатысты сəтті болуы мүмкін. Екіншіден, педагогикалық технология білімгерлердің оқу-танымдық іс-əрекетінің құрылымын жəне мазмұнын анықтайтын оқу-тəрбие үдерісінің жобасын қамтиды. Үшіншіден, педагогикалық технологияның маңызды белгісі – екі аспектіде қарастырылатын мақсат құру үдерісі: 1) білімгерлердің оқу материалын меңгерудің сапасын объективті бақылауы жəне диагностикалық мақсат құруы;

Егер технологияны жеке оқытушының іс-əрекеті деңгейінде қарастыратын болса, онда технология жоғары нəтиже беретін осы іс-əрекеттің тəсілі ретінде болады. Педагогикалық технологияға берілген осындай анықтама аса кең тараған. Педагогикалық технологиялардың мəні мен мазмұнын түсіндірудегі алуан түрлі тұғырлар, кəсіби міндеттерді шешуге арналған оңтайлы жағдайларды құруға бағытталған.

Акмебағдарланған технологияларды оқытушы нəтиженің бейнесі ретінде, яғни студенттің нəтижеге қалай жетуін құрас-тырады. Оқытушының аталған технологияның мəліметтерін қол-дану нəтижесінде, студенттер білім беру ортасын кəсіби тұрғыда қабылдай бастайды, білім беру жүйелерін ажыратады, студенттердің бастапқы жəне соңғы нəтижеге жетуге ықпал ететін немесе кедергі келтіретін аталған жүйеде болатын үдерістерді түсіне бастайды (студенттердің білім беру, кəсіби жəне əлеуметтік жүйелерге енуінің сапалық белгілері бойынша бағаланады).

Сондықтан мынадай тұжырым жасауға болады: технологияның мəліметтері студенттің үнемі ізденіс жағдайында болуын талап ете-ді, яғни акмебағдарланған технологиялар өмірдің ізденістік салтын қалыптастырады, кəсіби шығармашылыққа бейімділікті дамытады, бұл өз кезегінде болашақ мамандардың өзіндік санасын дамыту негізінде үлгіге бағдарлануын ынталандырады.

Оқытудың акмебағдарланған технологиялары – бұл, ең ал-дымен, студенттің кəсібилігін жəне бейімдеуші мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған ішкі əлеуеті мен тұрақты мотивациясын да-мыту есебінен, оқытуда жетістікке жəне жоғары нəтижелерге же-туге бағытталған технологиялар. Нəтижесінде, акмебағдарланған технологиялардың негізгі міндеті ретінде болашақ мамандарға кəсіби білім мен біліктерді беру ғана емес, сонымен бірге, ең алды-мен студенттердің санасында өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігін қалыптастыру мен бекіту, яғни тұлғалық жəне кəсіби «Менді» өзіндік жетілдіруді қалыптастыру жəне бекіту алы-нады.

...

Скачать:   txt (29.9 Kb)   pdf (135.2 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club