Білім туралы
Автор: abzalova • Сентябрь 28, 2021 • Реферат • 445 Слов (2 Страниц) • 328 Просмотры
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне және меншік нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында, оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) білім алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды. Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілген:
1) жоғары арнаулы білім – нормативті оқу мерзімі кемінде 4 жыл болуы шарт.
2) бакалавриат – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім;
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – студент) таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
6) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер)
...