Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақындар айтысындағы ақыл, білім туралы ой-толғамдар

Автор:   •  Май 6, 2022  •  Реферат  •  947 Слов (4 Страниц)  •  471 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

[pic 1]

Филология факультеті

Әдебиет және әдебиет теориясы кафедрасы

Қазақ тілі мен әдебиеті 303-топ

СӨЖ

Тақырыбы: «Ақындар айтысындағы  ақыл, білім туралы ой-толғамдар».

                                                        Орындаған: Мавлен А.С

                                                      Қабылдаған: Карбозов Е.К

Алматы, 2022

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.          Ақындар айтысындағы  ақыл, білім туралы ой-толғамдар          

        

         

         ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

        Ақындар айтысы жанры – қазақ сөз өнері тарихындағы әдеби шығармашылықтың нақты үлгісі. А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, Ш.Ыбыраев ақындар айтыстарының жанрлық даралық сипатына әдебиет ұғымы аясында қарастырылатын поэтикалық болмысына тиянақты баға берді. Ақындар айтысы – лирикалық, эпикалық, дидактикалық-философиялық, әуездік-мақамдық, т.б. ерекшеліктерді жинақтаған поэтикалық синтез сипатты күрделі жанр. Ақындар қоғамдағы тұрмыстық, әлеуметтік мәселелерді барлық кезеңдерде де қамтып жырлады. Қазақ әдебиеті тарихындағы ақындардың ауызша және жазбаша айтыстары аталған ерекшеліктерімен саралана қалыптасты. Ақындар айтысы түрлі тақырыптық ерекшелігімен дараланды. Ақындар айтысындағы өзекті мәселелердің бірі – ақыл-білім. Ғылымға ұмтылу, іздену. Сол арқылы халқының көркеюіне үлес қосу.

2.1. Ақындар айтысындағы  ақыл, білім туралы ой-толғамдар  

ХVІІІ-ХХ ғасырларда ұлттық әдебиетіміздің авторлық поэзиядағы айтыс жанры көрнекті сипатпен қалыптасты, дамыды, бүгінгі заманға жалғасты. Ақындар айтыстары қазақ әдебиетінің ұлттық сипатын мәңгілікке сақтаған жанр екендігін түпкілікті дәлелдеді. Ақындар айтысының әдеби шығармашылық болмысы туралы ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін салушы ұстаз-ғалымдарымыздың (А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин) еңбекте­рінде классикалық ғылыми тұжырымдар жасалған. Айтыстардың авторлары ұмытылған түрлері «драмалық фольклор» (С.Қасқабасов, Ш.Ыбраев, М.Жармұхамедұлы, Р.Нұрғалиев зерттеулері бойынша) санатында бағаланады. Мысалы: айтыс ойындары (мал мен адамның, өлі мен тірінің, төрт түліктің және жануарлардың айтыстары), қайым айтысы, бәдік айтысы, жар-жар айтысы, қағысулар, диалогтар. Ақындар айтыстарының жанрлық қалыптасуында фольклордағы осы үлгілерінің дәстүрлік және көркемдік негіз болғандығы ақиқат. Мысалы, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар және ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдеби дамуда мынадай көрнекті ақындардың шығармашылығындағы ауыз­ша және жазбаша айтыстары арқылы даралана танылды: Шал Құлекеұлы, Шортанбай Қанайұлы, Сүйінбай Аронұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Құлмамбет Құланаян, Мұрат Мөңкеұлы, Жамбыл Жабаев, Әбубәкір Боранқұлұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Біржан Қожағұлұлы, Ақан Қорамсаұлы, Сара Тастанбекқызы, Әсет Найманбайұлы, Нұржан Наушабайұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Омар Шораяұқлы, Жүсіп Ешниязұлы, Жүсіп Кәдірбергенұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Мұсабек Байзақұлы, Мансұр Бекежанұлы және т.б. Бұл ғасырларда қазақ әдебиетінің негізгі сипатын құрайтын ақындар шығармашылығында ауызша және жазбаша айтыстардың мазмұн мен пішін жүйесіндегі классикалық үлгілері жасалды. Қазақ әдебиетінің тарихында еларалық-ұлтаралық, яғни халықаралық ақындар айтыстарының да маңызды орны бар. Қазақ және туысқан түркі (қырғыз, қарақалпақ, татар, өзбек) халықтары ақындарының айтыстары әдеби байланыстар кеңістігінде елеулі орын алады. Туысқан халықтар ақындарының бетпе-бет отырып өнер тілімен сайысып сұхбаттасуы – түркі халықтары мәдениеттері тарихының дара ерекшелігі. Қазақ және қырғыз ақындарының айтыстары екі елдің рухани мәдениеті тарихында маңызды үлес болып қосылды. Сүйінбай мен Қатағанның, Құлмамбет пен Қаламқастың, Сарыбас пен Қалмырзаның, Кенен Әзірбаев пен Халық Акиевтің, Жақсыбай мен Османқұлдың және т.б. ақындардың айтыстары еларалық-халықаралық мәдени байланыстар жүйесінде поэтикалық ықпалдастықты қалыптастырды. Аталған айтыстардың әдебиет туындыларына тән бейнелілік өрнектері осы жанрдың классикалық көркемдік үрдісіне негіз қалады. Айтыстардағы ақындардың шынайы келбеттері психологиялық шабуыл (қарсыласының мысын басу, көңіліне үрей, алаңдау, абыржу туғызу) арқылы айқындалады. Көркем бейнелі, поэтикалық мағыналы ойлармен, көркем кестелі шумақтармен төкпелей жырлау тұрақты қолданылады. Ақындар халық әдебиетіндегі дәстүрлі әсірелеулерді (гиперболаны) өзінің шабыт қуатын ұлғайта елестетуге, кішірейтуді (литотаны) қарсыласының көңіл-күйін әлсіретуге арнайды. Сес көрсету – ақындық дәстүрдегі ежелгі поэтикалық-психологиялық тәсілдердің бірі. Тыңдаушыларының, қарсылас ақынының жан-жүйелік, ішкі көңіл-күй әлемін өзіне бағындыру үшін ақындар осы тәсілді тұрақты қолданады. Еларалық-ұлтаралық айтыстар – бейбіт қатар өмір сүруге дәнекер болған қарым-қатынастар құралы қатарындағы мәдени қазына. Халықтардың дербес болып қалыптасқан тарихын құрметтеп жырлау арқылы ақындар жалпыадамзаттық гуманистік мұраттарды игерген азаматтық-қайраткерлік ұстанымдарын дәлелдеді.

...

Скачать:   txt (13 Kb)   pdf (141 Kb)   docx (55.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club