Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім және ғылым

Автор:   •  Март 19, 2023  •  Лекция  •  1,199 Слов (5 Страниц)  •  203 Просмотры

Страница 1 из 5

1-апта

І  бөлім

[pic 1]

Лексикалық тақырып: Білім және ғылым

  • Мәтінді оқыңыз, аударыңыз

Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының жиынтығы. Білім көп оқуды, ізденісті қажет етеді. Білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жеке адамды да, жеке мемлекетті де, адамзатты да дамытатын – білім. Білімді адам қандай ортаға болмасын керек. Білім мен тәрбие қатар жүруі қажет. Адамзаттың екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы», - дейді.

Ғылымды білім тудырады. Күнделікті өмірдегі қарапайым заттардан бастап соңғы заманауи жетістіктерге дейінгі дүниелер (нанотехнология, ғарыштың дамуы т.б.) –ғылымның нәтижесі. Білім үйренуге, есте сақтауға негізделген болса, ғылым байқаудан, таңдаудан басталып, тәжірибе жасауға шығармашылыққа негізделген.

Білімнің де, ғылымның да дамуы мемлекеттің саясатымен байланысты. Қазақстан Республикасының көздеген мақсаты – әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру. Себебі қазіргі уақыт – жаһандану заманы. 

Жаһандану дегеніміз – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігуі, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық нарыққа айналуы. Жаһандық қоғамда капитал да, қаржы да, адамдар да, ақпарат та еркін қозғалады. Бұдан өзге лаңкестік те, есірткі саудасы да, ақпараттық соғыстар да, эпидемиялар, экологиялық апаттар да шекараны білмейді. Әлемнің бірде-бір мемлекеті мұндай сынақтарға бір өзі қарсы тұруға қабілетті емес. Жаһандану халықаралық бәсекелестікті күшейтеді. Сондықтан да қатал халықаралық бәсекелестік жеке адамның да, жеке мемлекеттің де білімінің, ғылымының дамуын талап етеді.

[pic 2] Сөздік:

  • дерек – сведение; факт
  • пайым, пайымдау – рассуждение; рассуждать
  • жиынтық – совокупность
  • жаһандану – глобализация
  • кеңістік – пространство
  • лаңкестік – терроризм
  • есірткі саудасы –наркоторговля
  • экологиялық апат – экологическая катастрофа
  • көздеген мақсат – намеченная цель
  • сынақ – испытание
  • ақпараттық соғыстар – информационная война
  • біртұтас – единый
  • бәсекеге қабілетті – конкурентоспособный
  • тудыру  – порождать
  • қажет ету – нуждаться
  • қарсы тұру – противостоять; сопротивляться
  • талап ету – требовать

1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз[pic 3]

  1. Адамзатқа білім не үшін қажет ? Қоғамнан, әлемнен өз орнымызды табу үшін. білімді болу үшін. Білім жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
  2. Әбу Насыр әл-Фарабидің білім мен тәрбие жайлы пікірін өз сөзіңізбен толықтырыңыз.
  3. Жаһандану дегенді қалай түсінесіз? жаһандану-бұл көптеген елдерді ортақ мақсаттармен жұмыс істеу үшін біріктіру процесі.

[pic 4]

Грамматикалық тақырып: Заттың (жақ, тарап) анықтамасы. Іс-қимылдың мекені

ЕСІҢДЕ САҚТА: 

Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады. Зат есімге үш жақтың әрқайсысына тән жіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Орыс тілінде зат есімге жіктік жалғауы жалғанбайды. Қазақ тілінде жіктік жалғауының жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрі бар. Жіктелетін зат есімдерге адам аттары, туыстық атаулары, мамандық аттары жатады.

Есімдер болымсыз түрде де жіктеледі. Есімдердің болымсыз түрлері емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалады да, жіктік жалғау емес сөзіне жалғанады. Мысалы: Мен студент емеспін. Сіз дәрігер емессіз.

Жатыс септік қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, мекенін, кейде мезгілін, көлемін білдіреді де, сөйлемде кімде? неде? қайда? қашан? деген сұраққа жауап береді.  Сөйлемде мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Елімізде (қайда?) саяси экономиялық тұрғыда көп өзгерістер болып жатыр. Көктемде (қашан?) біз академиялық ұтқырлықпен Алматы қаласына баруды жоспарлап отырмыз.

...

Скачать:   txt (14.9 Kb)   pdf (168.5 Kb)   docx (226.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club