Философия және ғылым
Автор: KAN007 • Октябрь 12, 2023 • Реферат • 4,654 Слов (19 Страниц) • 155 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
[pic 1]
№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Пән: Философия
Тақырыбы: Философия және ғылым
Мамандық: АҚЖ(Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі)
Орындаған: Шахтай Абылай тобы:СИБк-22-10
Қабылдаған: ф. ғ. к., доцент Апашов С.Б.
Алматы 2023
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................................................................................... 3-4
1. «Философия» және «ғылым» - әлемді танудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін білдіретін екі маңызды және ықпалды ұғым.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ........................................................................... 5
1. Философияның дәстүрлі аясы мен мағынасы........................................... 5-11
2. Ғылым философиясы және Ғылым практикасы...................................... 12-16
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................16
ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................17
Кіріспе
Жалпы білім беруде ғылым тарихы мен философиясы пәнінің басты мақсаты тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, нысана жас маманда эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру. Ғылым көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарымқатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын және даму тарихын білу қажет. Антикадағы, Орта ғасырлардағы, Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Жаңа замандағы ғылым алынған білімдердің тереңдігі және мазмұнымен қатар, мәселені қоюымен, зерттеу әдістерімен, дәлелдеу және негіздеу тәсілдерімен, ғылымның мәнін, мақсат, міндеттерін түсіну барысымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ғылыми білімдердің дамуы әлеуметтік-тарихи қажеттіліктерімен анықталады, екінші жағынан – жаңа ойлардың, түсініктердің, теориялардың пайда болуы танымның ішкі қозғалыс заңдарының және оның логикасының негізінде жүзеге асады. Негізгі заңдылықтарды ашу жаңа ойлар, ерекше ғылыми нәтижелерді алудың кілті ғылыми зерттеудің табиғатын дұрыс түсінуде болып табылады. Танымның қарама-қайшылықты мәні оның мынадай астарларының бірлігі мен өзара бір-біріне енуінде көрініс табады, мәселен, теориялық және эмпирикалық, формальдық және мазмұндық, нақты және нақты емес, өлшенетін және өлшенбейтін іргетасы (фундаменталды) және қолданбалы. Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде – шынайы (табиғи) сондай ақ жасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно- және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек. Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т.б. келтіруге әбден болады. Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның әртүрлі салаларының және ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де әлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу әдістері мен нәтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады. Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пәндік сипатта зерттеуге қарсы әдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарас интегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды. Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым саласында еңбек етпеген болса, оның ғылыми қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет? Ғылым - тек білімнің, фактілердің және т.б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:
...