Білім және әлеуметтік теңсіздік
Автор: Askar Mirzali • Октябрь 20, 2021 • Реферат • 884 Слов (4 Страниц) • 6,417 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Институт және ғарыштық инженерия
Кафедра; Телекоммуникация және инновациялық технология
Зертханалық жұмыс
Пән:ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ (ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ)
Тақырыбы: Білім және әлеуметтік теңсіздік
Мәдениет және әлеуметті тану перспективасы.
Мамандық: 6В06201- «Радиотехника,электроника және телекоммуникация Тобы: РЭТк-21-2
Қабылдаған: оқытушы Абуханов Шаяхмет
Орындаған: Мирзали Асқар
Алматы 2021.
Білім-қоғамның әлеуметтік жүйесінің бірі, маңызды әлеуметтік институты. Білімнің мазмұны қоғамның бір күйден екінші күйге өтуін,қалпын білдіреді. [pic 1]
Білім ұғымының мазмұны негізінен төрт аспектіден көрінеді:
- Құндылық ретінде. Білімнің құндылығы жеке адамның, мемлекет пен қоғамның мақсатының бірлігінде.
- Жүйе ретінде. Қоғамның әлеуметтік жүйесінің көптеген әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу-тәрбие ұйымдары мен орындарынан, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерден, әр түрлі орындағы білімін жетілдіру буындарынан тұрады.
- Процесс ретінде. Білім процесс ретінде білімді, дағдыны және ептілікті беру мен игертуде және жан-жақты тұлғаны қалыптастыруда өзара байланысқан екі құрылымдық компоненттен- оқу және тәрбие процесінен тұрады.
- Нәтиже ретінде.Ол инвидуальдық-тұлғалық және қоғамдық-мемлекеттік деңгейде бағаланады.
Қазіргі білім институты күрделі инфрақұрылымнан тұрады: оқу орындары мен үйлестіруші орталықтар желісінен, қаржыландыру жүйесінен, кәсіби оқытушылар құрамынан, оқушыларды оқыту әдістері мен білімін бағалау жүйесінен жасалған оқу бағдарламалары мен оқу құралдарынан, көрнекі оқытудың қосымша техникалық құралдарынан және т.с.с. құралған.
Ұлттық білім жүйесін ұйымдастыруға қатысты дәрежесі бойынша мемлекетті үш түрге бөлуге болады:1) орталықтанған (Франция, Италия, Дания, Швеция, Норвегия, Грекия, Аргентина, Бразилия, Сальвадор); 2) орталықтандырылмаған (Швейцария, АҚШ, Германия, Индия, Канада, Австрия); 3) аралас (Ұлыбритания, Жапония).
Қазақстан, Ресей және т.б. ТМД елдеріндегі халыққа білім берудің жүйесі жалпы (балалар мен жасөспірімдердің кәсібилікке дейінгі тәрбиесін қамтамасыз ететін оқу орындарының жүйесі) және арнайы білімге бөлінген.
[pic 2]
Білім бұл адамның ғылым мен мәдениетке енуінің бірден-бір оптимальді және интенсивті тәсілі. Білім процесі барысында ғана адам мәдени құндылықтарды игереді. Білімнің мазмұны әр түрлі елдер мен халықтардың мәдени мұраларынан, тұрақты дамудағы ғылымның әр саласынан, сондай-ақ адам өмірі мен практикасынан жиналады және үздіксіз толығып отырады.
Білім-қоғам мен нақты адамның арасын байланыстырушы буын. Қоғам өзінің әлеуметтік институттарымен және ұйымдарымен адамдарды және қоғамдық құрылымдарды қажетті бағытқа жөн сілтеу үшін, осы мақсатқа жету үшін ең алдымен білімді пайдаланады. Қоғамдық масштабта білімнің мазмұны өзін тиімді меңгерту үшін сәйкес мекемелерді, құрылымдарды, институттарды талап етеді. Мектеп институты дүниеге келеді, университеттер құрылады, арнайы орта оқу орындары пайда болады.
...