Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бiлiмдi жастар - yлт балашаfы

Автор:   •  Май 20, 2019  •  Доклад  •  1,221 Слов (5 Страниц)  •  477 Просмотры

Страница 1 из 5

БІЛІМДІ ЖАСТАР – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

УиА-17 тобының студенті

Ел дамуы мен тарихындағы жаңа кезең болып табылатын қазіргі заманда, сөз жоқ қоғамдық құбылыстарға мән беріп, замана шындығы мен уақыт тынысын терең сезінген жөн. Жасыратыны жоқ, жер жаҺан мен планета тынысында мазасыздық, тынышсыздық бары байқалады. Әлемдегі халықаралық терроризм жаҺандық зұлматқа, қаҺарлы  сипатқа ие болуда. Бұған миллиондаған босқындар шоғырын, террорлық агрессия салдарынан жазықсыз адамдардың қырылуын, қалалардың қирауын, мәдени-тарихи ескерткіштердің жойылуын қоссақ, сөз жоқ толеранттылыққа бару, келісім мен диалог алаңын құру қажет-ақ. Осы тұста, әрине Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің маңызы арта түседі. Терроризм мен экстремизмге қарсылық-адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Осы орайда, кеше мен бүгінге байыпты барлау-талдаулар жасап, келелі келешекке жіті көз салып, уақыт бедеріне мән беру абзал. Ұлт пен ұрпақ қамы,отан мен отбасы сабақтастығы басым бағыттарға ие болғаны нұр. Ұлт мұраты мен ұрпақ алдындағы қарыз-парыз, бастысы адам факторы күн тәртібінен түспегені жөн. Тарихи жады айқындалып, рухани жаңғыру кең өріс алып, сананың ашықтығына даңғыл жол ашылғаны абзал. Асылы, ақыл-парасатқа жүгінген,  сөз бен іс бірлігін сақтап,  сана мен сапаны тең ұстап, талап пен талғамды таразы ету жеңіске бастап, нақты нәтижеге қол жеткізуге мол мүмкіндіктер береді. Кешеден бүгінге жеткен тәжірибе тәлімі, өмір тағылымдары мен уақыт бедерінің басым  мәні, тағылымды нәрі де осы. Азаттық мұраты, бейбітшілік мәні де осыған саяды. «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық тұғырнамасының маңызы да осы. Қазақстан дамуының басты бағыты-Бейбітшілік,Бірлік және Тұрақтылық екенін ескерсек, жаҺандық бейбітшілік пен қауіпсіздік баршамыз үшін де мәнді құбылыс.

Осы тұста рухани жаңғыру мәні айқындалып, оның мәнді қыры, нәрлі сипаты, өзекті өрісі - тәуелсіздік кезеңіндегі «Мәдени мұра» (2004),  «Халық – тарих толқынында » (2013) атты бағдарламалар жүйесінен кең көлемде көрініс береді. Әсіресе, ондағы мәдени-тарихи  ескерткіштер мен  мұрағаттық   материалдар  жиынтығынан ұлтқа қатысты құжаттар, арғы арналардан  қазіргі кезеңге дейінгі жеткен ауызша, жазбаша дереккөздері, сирек қордан алынған көне жәдігерліктер топтамасы да молынан  көрініс бергені  айтылады.  Осының негізінде Біртұтас ұлт болу, бұл бағыттағы бұқаралық сананың қалай өзгеретіндігі туралы ақиқат жәйттер назарға алынып,  әлемдік тәжірибе,  даму үрдістеріне ден қойылып, маңызды жайттар мен толғаныстар ортаға салынады. Мақалада атап өтілгеніндей: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады». Демек, Біртұтас Ұлт болу - бұқаралық сананы өзгертіп, рухани жаңғыруға батыл қадам жасауға мол мүмкіндіктер береді. Бүгін мен болашаққа қатысты көзқарастар, бұқаралық сананы өзгертуге байланысты ұнамды сипаттар  туралы ойлар мен толғаныстар да дәлелді дәлдік, нақтылы мәнімен  жүйелі жеткізіледі. Маңыздысы, әрине болашаққа батыл бағдарлар жасалады. Бұқаралық сананы қалай өзгерту туралы батыл болжам, берік ұстаным, терең толғамдар ортаға салынады.Қазіргі кезеңнің шынайы шындығы ашылады.

«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы»  алғашқы бөлімде жер жаһандағы, дүбірлі  дүниедегі мазасыздық пен өзгерістерге көп көңіл бөлінеді.  Мұның әр қилы әсері мен көріністері дүниетаным иірімдері мен сана сезімімізге ықпал ететін,  заман шындығы мен өмір ағымын терең сезіну арқылы өркениеттегі ерекшелікке мән беріп,  жағымды жақтарын,  ұнамды көрініс,  үлгілі үрдістерді негізге алу қажеттілігі көрсетіледі.  Негізгі ұстаным: «Жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты сол ұлттық кодыңды сақтай білу» екені анық-қанық көрсетіледі.  Ұлттық кодтың мәні - ел бірлігі,  дәстүр-дін өнегесі,  мәдени – рухани арна,  көркемдік кеңістігі,  үйлесімді  сабақтастық,  халықтар достығы, татулық пен тұтастық,  тамырлы тарих,  жасампаздық жолға келіп саяды.  Яғни ,ұлттық код мәні - ұлттық ұстаным саналатын: тарих, тіл, дін, діл, дәстүр тағылымы. Осыны сақтап, заманға сай жаңғыртып, дамыту. Бұл арғы арналардан бастау алатын халық тағылымы,  көне кезеңнен тамыр тартқан салт-дәтүрлер өнегесінен сабақтастық алатындағы оңды көріністердіің бірі ретінде әсер етеді.  Ұлт пен ұрпақ қамы,  отан мен отбасылық құндылықтар,  ел бірлігі мен тұтастығы,  руханият мәселелері бүгін мен болашақ тұрғысынан сөз етіледі. Бастысы, әрине дүние жүзіндегі тынымсыз өзгерістер, әлем дамуындағы бұлыңғыр бағыт, бұралаң жолдар адам әлеміне, дүниетаным арналарына, сана-сезімге әсер етері анық. Оның үстіне бұрыннан бойымызға сіңіп қалған таптаурын қағидалар мен кереғар қисындардан да арылу қиынның қиыны болса керек. Мұның мәнісі: «...Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» екені анық-қанық айтылады. Даңғаза дүниеден, жаңғырық шеңберден шығу кілті - ұлттық кодты сақтау. Озық дәстүрлерді жүйелі жаңғырту. Ұлттық-рухани тамырдан нәр алу. Кеше мен келешекті үйлесімді де қонымды сабақтастықта дамыту. Тамырлы тарихтың асыл арқауын негізге алып, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді даму үрдістерімен жүйелі байланыстырып, өрісті өркендеудің берік діңгегі ету - болашаққа бағдардың,рухани жаңғырудың басты тетігі,көпке ортақ белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жәйттер бүгін мен болашақ төңірегінде кең өріс алады.

...

Скачать:   txt (16.7 Kb)   pdf (87.5 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club