Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Талапты жастар мекені

Автор:   •  Ноябрь 27, 2018  •  Реферат  •  276 Слов (2 Страниц)  •  577 Просмотры

Страница 1 из 2

                                          Талапты жастар мекені

Өмірде мамандық таңдау өте қиын дүниелердің бірі деп айтсақ қателеспейміз. Себебі адам баласы өмір бойы сол салада қызмет істеп, сол саланың  жілік майын шағады. Сондықтан да мамандық таңдау өмірдегі ең жауапты сәттердің бірі де бірегейі. Қазіргі таңда көп мектеп бітіруші түлектер мамандық таңдауда қателесіп жатады. Себебі алға қойған мақсаттары айқын емес. Алайда мектеп бітіруші түлек тек өзінің қалаған, арманына айналған мамандықты таңдағаны дұрыс. Себебі болашақта  сол мамандықтың шеңберінде қызмет етеді.  Сондай іргесі мықты қаланған мамандықтың бірі «Халықаралық құқық» мамандығы. Бұл мамандықтың ерекшелігі мамандық бойынша шет тілдерін меңгергендіктен ауқымы кең жұмыстарға орналасуға мүмкіндігі мол болып табылады. Бұл мамандықта оқи отырып студент түрлі шығармашылық жұмыстармен айналыса алады. Халықаралық құқық мамандары халықаралық құқық саласындағы түрлі  қызметтерді жан-жақты қамтамасыз етеді. Халықаралық құқық мамандарының міндеттері халықаралық келісімшарттарды әзірлеу, қолдау және құқықтық сараптау жасау, шетелдік клиенттермен келіссөздер жүргізу, мәмілелерді заңдық сүйемелдеу, Қазақстандағы және шетел заңнамасындағы өзгерістерді бақылау және талдау, халықаралық құқық саласындағы  қызметін құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Осы мамандықты барынша терең, жан-жақты оқытатын бірден бір университет Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. QS World University Ranking халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 2016-2017 оқу жылында әлемнің 800 үздік университеттері арасында 236 орынды иеленді. Ал Қазақстан бойынша ең жетекші университтетің бірі болып табылады. Университтен түлеп ұшқан түлектердің барлығы дерлік Қазақстанның әр аймағында табысты еңбек етуде. Себебі университет нағыз білікті мамандарды дайындап шығаруда. Университет қабырғасында 20 мыңнан астам студент өзінің білімін шыңдауда. Қазақ ұлттық университеті нағыз білімді,білікті, дарынды болашағынан зор үміт күтетін келешегі  жарқын  жастарды  дайындаудағы бірден бір оқу орны болып табылады.Сол себепті де мамандық таңдауда ғана емес білімін шыңдауда да, дұрыс та айқын болашағы жарқын мамандық пен оқу орнын таңдағын жөн.

...

Скачать:   txt (3.9 Kb)   pdf (73.7 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club