Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұмыссыздық және жастар

Автор:   •  Март 3, 2022  •  Практическая работа  •  603 Слов (3 Страниц)  •  281 Просмотры

Страница 1 из 3

Практикалық сабақ №2

Жұмыссыздық және жастар

Сулейменова Марал

Жасы:22

Жынысы: әйел

Мамандығы:Менеджер

  1. Сіз жұмыссыз қалам деп қорқасыз ба?

Биыл магистратура бітіремін. Шынымды айтсам, резюмені толтыруға ұяламын. Осы уақытқа дейін мамандығым бойынша да, басқа салада да жұмыс істемедім. Негізгі табыс көзім – шәкіртақы. Оқу бітірген соң жұмыссыз қалам ба деп қатты уайымдаймын.

  1. Қазіргі таңда жастардың жұмыссыздығының себебі неде деп ойлайсыз?

Жұмыссыздыққа себеп біріншіден, жұмыс орындарының аздығы,екіншіден, еңбекақы төлемінің төмендігі. Жастардың барлығы бірдей жұмыссыз емес. Жұмысқа ынта қойған жастар да баршылық, әйтсе де мамандағына сай жұмыс таппай жатады. Сондықтан жастарымыз оқу орындарын бітірген соң қалаға немесе вахталық жүйемен жұмысқа кетіп жатады.Барлығы жоғары жалақы алуға мүмкіндік іздейді. Қазіргі уақытта жұмыссыздықпен қатар еңбектің сапасын көтеру мәәселесіне де көңіл бөлу маңызды. Адамға жұмыс тауып беруге болады.Бірақ сол жұмысын сапалы атқару жолындағы мәселелер жұмыссыздықтан да маңызды.

  1. Жалақының аз болуы жұмыссыздықтың көбейуіне әсер ете ме?

Әрине әсер етеді. Себебі табыс көзі, яғни жалақы әрбір адамға мотивация береді. Жалақы көбейген сайын жұмыс істеуге деген құлшыныста көбейеді.

  1. Мемлекетіміз жұмыссыздық проблемасын шешу үшін шаралар қолдануда ма?

Қазіргі кезде еліміздегі жастардың жұмыссыздығы мəселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Солардың бірі — жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылып жатқан шаралар. Жастарды еңбекпен қамтуға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бар. Бағдарламаның шамамен 60 %-на қатысушылары — бұл жастар. Бұл бағдарлама бойынша жастарымыз жұмыспен қамтылу керек.

5.Сіздің ойыңызша жұмыссыздықпен күресу үшін тағы қандай жолдары бар?

Жұмыссыздықпен күресу жолдары көп қой. Ең бастысы мемлекеттің жастарға жұмысқа орналасу барысында көмек беруі және жастардың бұл мемлекет көмегін дұрыс пайдалана алуы.

Бейсегулова Татьяна Михайловна

Жасы:37

Жынысы: әйел

Мамандығы: дәрігер

1.Сіз жұмыссыз қалам деп қорқасыз ба?

Осы уақытқа дейін екі рет жұмыс орнын ауыстырдым. Алғашқы дәрігерлік жұмысымды №12 қалалық емханадан бастадым. Қазір №5 қалалық емханада терапевт боп қызмет атқарамын. Өз жұмысыма көңілім толады. Интернатураны оқып жүрген кезімнен бастап қызмет атқардым. Жұмыссыз қалған кезім болған жоқ. Бірақ оқу бітірер кезде Алматы қаласынан жұмыс таба алам ба деп қатты уайымдадым. Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі кейбір адамдардың мамандығын дұрыс таңдамауынан болады деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (79.5 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club