Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білімді жастар – болашақтың тірегі

Автор:   •  Февраль 5, 2022  •  Лекция  •  849 Слов (4 Страниц)  •  781 Просмотры

Страница 1 из 4

2-апта

І бөлім

[pic 1]

Лексикалық тақырып: Білімді жастар – болашақтың тірегі

Қазақстанда жастар мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Cебебі жастар – ел болашағы. Болашақта елдің экономикасын да, өндірісін де, ғылымын да, медицинасын да дамытатын– жастар. Қазіргі жастар – бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын азаматтар. Жаңа технологиялар қарыштап дамыған заманда олар кез келген ортаға жылдам бейімделуде.Бүгінгі таңда білімге, ғылымға ден қойған талапты жастар саны артуда.Олар  өздерінің тыңидеялары мен жаңа көзқарастарын жүзеге асыруда.

Солардың бірі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген жас ғалым – алматылық Тимур Рыспеков.Дарынды жас 72 өнертабыс пен 28 патент иегері. Оның ерекше өнертабысы ғарыш саласына арналған. Қалта телефоны арқылы басқарылатын робот ашық ғарышта кез келген тапсырманы орындай алады.

Келесі дарынды жас – алматылық Мәулен Бектұрғанов. IT университетіне түскен соң Мәуленге ғылыммен айналысуға жол ашылды.  Мәуленнің зерттеу жұмысы бионикалық протез – қол жасауға бағытталған. Ол ойлап тапқан электр механикалы протез қолдағы бұлшық ет тамырларымен байланысу арқылы жұмыс істейді. Жас ғалым болашақта қол ғана емес, шынтақ, иықтың қызметін атқаратын электр-механикалы протез жасап шығарғысы келеді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізімінде біздің де жерлесіміз бар. Ол – Қарағанды аймағынан «Медицина» номинациясы бойынша қатысып, жеңімпаз атанған ерікті-студент –  Дарын Әбілжанов. Дарын Қарағанды медициналық университетінің интернатурасында оқиды. Ақ халатты азамат ел басына төнген ауыр індет(коронавирус) кезінде өз өмірін қатерге тігіп, екі мыңға жуық науқастың айығуына көмектесті.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші әрі ең белсенді тобы.Қазақстанның болашағы ел жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпал етуімен байланысты.Мемлекет пен жастардың ұстанымы тоғысқан кезде ғана қоғам дамиды. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті мәселеге айналды. Мемлекет тарапынан жастарды қолдау үшін жасалып отырған «Жасыл ел», «Жастар кадрлық резерві», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050» және тағы да басқа бағдарламалар жастарға арналған тамаша мүмкіндік.

[pic 2]Сөздік:

  • өндіріс – производство
  • өнертабыс – изобретение
  • ғарыш – космос
  • ерікті-студент – студент-волонтер
  • ұстаным – позиция; взгляд
  • тізім – список
  • бұлшық ет – мышцы
  • шынтақ – локоть
  • иық – плечо
  • індет – эпидемия
  • қозғаушы күш – движущая сила
  • дарынды – талантливый
  • кез келген – любой
  • жүзеге асыру, іске асыру – претворять в жизнь; осуществлять
  • айығу – поправляться
  • тоғысу – сходиться; сталкиваться

[pic 3]

1-тапсырма:Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Заманауи жастар туралы қандай пікірдесіз?
  2. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген тағы қандай жастарды білесіз?

[pic 4]

2-тапсырма:Жастарға арналған бағдарламалар туралы ақпарат дайындаңыз

[pic 5]

ЕСІҢДЕ САҚТА:

Біреуге тиісті немесе бір жерде орналасқан нәрселерді ықшамдап айту үшін -дағы/-дегі,-тағы/-тегі қосымшалары қолданылады. Мысалы: Саябақтағы балаларға арналған ойын алаңы демалыссыз жұмыс істейді. Гүлназдағы кітап бәрімізге қажет.

Грамматикалық тақырып:-дағы/-дегі,-тағы/-тегі формасы

[pic 6]1-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойыңыз ( дағы/-дегі,тағы/-тегі)

...

Скачать:   txt (12.5 Kb)   pdf (139.1 Kb)   docx (35.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club