Волейбол ойыны арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру
Автор: nazdavid2020 • Июнь 21, 2022 • Курсовая работа • 14,348 Слов (58 Страниц) • 360 Просмотры
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау реакциясы жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылады, жалпы алғанда организімге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Дене шынықтыру иниститутунда жоғары дәрежелі мамандарды даярлау (оқытушылар және жаттықтырушылар) волейболдың арғы қарай дамуының маңзыды шарттардың бірі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады.
Зерттелетін мәселенің өзектілігі волейбол ойынының негізін – дене шынықтыруды қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, кейіннен табысқа жетуге болатындығына байланысты.
Зерттеу нысаны:жоғарғы оқу орындарында біртұтас педагогикалық үрдістері.
Зерттеу пәні- Жасөспірімдер спорт мектебінің жас волейболшыларының дене қасиеттері мен физикалық дамуы.
Зерттеу мақсаты -жасөспірімдер спорт мектебінің жас волейболшыларының дене сапалары мен дене дамуының деңгейін арттыруда волейбол сабағының тиімділігін ашу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау зерттеу;
Физикалық қасиеттердің ерекшеліктерін қарастырыңыз
Жасөспірімдер спорт мектебінің жас волейболшыларының физикалық дамуы мен дене қасиеттерінің дамуын зерттеу.
Зерттеу объектісі- жас волейболшылардың дене сапалары мен дене дамуының қалыптасу процесі.
Зерттеу гипотезасы– спорт секциясындағы волейбол сабақтары жас волейболшылардың дене қасиеттерінің тиімді қалыптасуына және физикалық дамуына ықпал етеді деп есептейміз.
Зерттеу әдістері– әдебиеттерді талдау, бақылау, педагогикалық эксперимент, математикалық мәліметтерді өңдеу әдістері.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы : бұл зерттеудің нәтижелері спорттықжаттығулардың теориясы мен әдістемесінволейболда дене шынықтыру жаттығуларыныңтәсілдерін негіздейтін ережелермен толықтырады;спорт секциясында біз әзірлеген жұмыс әдісін денешынықтыру мұғалімдері пайдалана алады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы зерттеубарысында біз алған нәтижелерді дене шынықтырумұғалімдерінің,спорт мектептерініңжаттықтырушыларының педагогикалық іс-әрекетінің тәжірибесінде пайдалануғаболатындығынан көрінеді.
...