Ахмет Байтұрсынов «Қазақ салты»
Автор: 12goha • Октябрь 18, 2020 • Эссе • 532 Слов (3 Страниц) • 1,613 Просмотры
1. Ахмет Байтұрсынов «Қазақ салты» өлеңінде қазақ халқының менталитетінің жағымсыз жағын, саңылаусыз салтын ашып жазды. Ол ой – толғауларының нәтижесі: Автор өлеңде өзінің сыни көзқарасын нақты айқындаған. Қазақтың қараңғылығын сөз еткен. Әйтседе, өз халқына деген жанының ашуы, өкініші, мұңы сезіледі. Қазақтың ұйымшылдығының, ауызбіршілігінің жоқтығынан бір-біріне соқтығып, алауыз болып жүрген кезде, сырттан келген орыстың алдап-сулап қазақ жерін басып алғанын сезбей де қалды. Бытырап, өз ішінде бірлігін жоғалта бастаған қазақ халқының таман жағдайының қиындай түскенің «Кіреді тентек есі түстен кейін,мүмкінің халіміздің жаңа білдік» -деп жеткізеді. Бұл шумағында қазақ халқының саяси санасының төмендігі сезіледі. Небір дарынды тұлғалар болғаны хақ, бірақ ауыл молдасынан білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған , сауаты нашар қара халықтың басымдығы халқын артқа тартты.
Алдымен, сол кездегі қоғамдық жағдайға тоқталайық. «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған» деп ақын айтқандай, кең даласына батырлығы мен мырзалығы сыймай жатқан ел едік. Ақырында «тәнімізде өртке шарпылмаған не қалды?» деп жан-жағымызға жаутаңдай қарайтын болдық. «Кенесары кеткен соң, бастан ауды бағымыз» Халықтың ерлік рухы бірте-бірте жоғалды. Жиырмасыншы ғасырдың басында орыс отаршылдығы қазақ жеріне толық орнады. Абай айтқандай «Өз жерінде өз ырқы жоқ» халық болуға көндіге бастаған. Алайда, осы кезде Ресей жерінде ойран басталды. Қазақ жері ешкімге керексіз болып қалғандай күн кешті. Бұл өлең осындай «Қайықтай толқындағы қалтылдаған» қазақтың байлары мен оқығандарына ой түсіру мақсатында жазылды. Қазақ аулының сол кездегі көрінісін көз алдыңа әкеледі. Ақынның бұл сөздері бүгінгі таңда да ел жұмысында жүрген азаматтарға үлгі болуға жарайды.
«Қазақ салты» өлеңінде Абайдың ой толғауларын еске салатын образдар бар, сондықтан бұл өлең сыни көзқараспен жазылған деп айтуға болады.Бұл хакім Абайдың ақындық дәстүрінің жалғасы, Ахметтің жан айқайы.Ол осы туындысымен қазақ халқының жағдайын толық жеткізе алды.
2. Қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені бәріне белгілі. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі арқылы көз жеткізе аламыз.
...