Төле бидің ізгілік педагогикалық ой-пікірлері
Автор: abulkasymnazerke • Декабрь 12, 2021 • Эссе • 885 Слов (4 Страниц) • 319 Просмотры
.
Төле бидің ізгілік педагогикалық ой-пікірлері
Эссе
Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп-төркіні – сонау ерте замандарда жатыр. Ерте заманда көшпелі қоғамының көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Халық өзін қоршаған табиғат құбылыстарын, тұрмыс-тіршілігіне байланысты көңіл-күйін, мұң-мұқтажын өлең қара сөз арқылы көрсеткен. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - деп отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесінің негізгі екенін қадап айтқан. Тәрбиенің бастауы ата-ана. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған. Бала ізгілікке, санасына рухани-адамгершіліктің негізін қалыптастырып, сіңіру үшін отбасында ата-ана үлгі бола білуі керек деп ойлаймын. Халқымыздың көшпелі замандарында дана шешендеріміз, билеріміз ең бір қиын деген ел арасындағы дауларды бір ауыз сөзбен тоқтатып, дау-дамайды шеше білген. Ұл баланы тәрбиелеуде мынандай талаптар қоятын: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, ата-тегін қастарлеу, ата-салтын бұзбау, жаудан беті қайтпау. Қыз баланы жақсы жар, әдепті келін, ұқыпты әйел, аяулы ана болуға тәрбиеледі. Баланы тазалық пен ізгілікке, адалдық пен батылдыққа тәрбиелеуде әке-шешенің ғана тәрбиесі ғана емес. Көпті көрген қариялары оқымасада көкейлеріне тоқығандарын жастарға үйретуден жалықпаған. Ғасырлар бойында халық көңілінде сақталған ұлы билер Төле, Қазбек, Әйтеке билерінің шешендік сөздерінің халқымыздың ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Қазіргі жазылып жатқан тәрбие мен рухани-адамгершілік жайлы кітаптардың түп нұсқасы деп айтуға болады. Себебі ол кісілер қазіргідей, мүмкіндік болмасада бір ауыз сөзімен дүйім жұртты бағындыра білді, халықты бірлікте ұстап, халқымыздың тарихынан сыр шертіп, тарих қойнауына дастан етіп енгізе білді. Бүгінігі біздегі адалдық пен шынайылық даналарымыздың ізі деп ойлаймын. Қазақта «әр ханның тұсында бір сұрқылтай» бар дейтіні, әр ханның заманында өзінің бір ақылшы-кеңесшісі, шешені бар дейтін ойды білдіреді. Соның бірі Төле би. Ел арасында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Төле бидің әкесі Әлібек те сөзге өнегелі нақыл шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды.Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Ол жас кезінде талай үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алды. Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.
...