Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әдебиеттану ғылымының негіздері

Автор:   •  Октябрь 27, 2020  •  Реферат  •  2,763 Слов (12 Страниц)  •  1,161 Просмотры

Страница 1 из 12

Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны

1-дәріс

Әдебиеттану ғылымының негіздері

Сабақтың тақырбы: Әдебиетану ғылымының негіздері.

Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиеттану ғылымының даму тарихымен, салаларымен таныстыру.

Жоспары:

1.1. Әдебиет туралы ғылым және оның салалары.

1.2. Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих. тіл білімі т.б. ғылым салаларымен байланысы.

1.3. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихы.

Әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққан – «сөз, асыл сөз» деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін – әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылған.

Өнердің түрі көп. Ал әдебиет қандай өнер?

Әдебиет – сөз өнері. Сөз өнерінің әдебиеттің басқа өнер түрлерімен ұқсас жақтарымен қатар, өзіндік өзгешеліктері де бар. Бейнелеу өнері (живопись), мүсін өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура), ән өнері (музыка) т.б. өнер түрлерінен өмірді, қоғамдық құбылыстарды, табиғатты, адам және адам тағдырын бейнелеуге келгенде әдебиеттің – сөз өнерінің уақыт пен кеңістік алдындағы мүмкіншілігі мол.

Мысалы саз өнерінің (музыка) бейнелеу құралы үн, әуен, дауыс, сурет өнерінің бейнелеу құралы бояу, мүсін өнерінің бейнелеу құралы – саз, гипс, ағаш, тас, темір т.б. Ал әдебиеттің, сөз өнерінің бейнелеу құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрылыс материалы» К.Федин. Қазақ халқы «өнер алды – қызыл тіл» деген.

А.Байтұрсынов «Сөз өнері деп асылында нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп  қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз – осылай шығарған сөз»,-деген.

Сөз өнерінің бейнелеу құралы тіл болса, оның сыры мен сипаты, қадыр -қасиеті, бедер белгісі бейне мен бейнелілікте жатады. Абай: «Адасқан күшік секілді, Ұлып жұртқа қайтқан ой» дейді. Ұлы ақын тұңғиыққа тірелген, қажыған ойды «Ұлып, жұртқа қайтқан, адасқан күшік» арқылы бейнелеген. Осы екі жол өлеңдегі ой-өлеңнің нысаны, болса, адасқан, ұлып жұртқа қайтқан күшік сол ойдың бейнесі. Әдебиет үшін нені айту емес, қалай айту маңызды, нені бейнелеу емес, қалай бейнелеу қымбат. Сөз өнерінің сыры мен сипаты осы жерден келіп шығады.

Ұлы Махамбет ақындағы:

«Мен тауда ойнаған қарт марал,

Тұяғым тасқа тиер деп,

Сақсынып шыққан қияға,

Қайыңның басын жел соқса,

Қаршыға құс қайғырар

Балапаным суға кетер деп,

Ол дағы мендей болған сорлы екен»,- деген жолдар да бейнелеудің  үздік үлгісі болса, бұл өлеңде бейнелеу метафора арқылы, ал Абайда эпитет арқылы іске асып отыр.

Әдебиеттану ғылымының тіл білімі, тарих, өнертану, педагогика, психология, философия, саясаттану ғылымдарымен тікелей байланыста, тығыз қарым-қатынаста болатынын айтуымыз керек.

Әдебиет дегеніміз – көркем шығарма. Осы көркем шығарманы танып-білу арқылы сөз өнерінің құпиялы қазыналарына толықтай ден қоя аламыз. Өнер жайлы сөз қозғап сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды. Суреткер кім, оның қоғамдық тұрпаты, тұлғасы қандай? Талант табиғаты деген не? Туму көркемдік қасиет кез келген адамда бар. Олай болса кез келген кісі өнерді де, көркем әдебиетті де жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Нағыз суреткерге қандай ерекшеліктер тән?

Көркем шығарманың дүниеге келуі аса маңызды қоғамдық оқиға болатынын айтқан академик З.Қабдолов көркем шығарманы түсіну үшін мынандай қарапайым формула ұсынады.

  1. Қандай оқиға болды? Бұл сұраққа жауап беру-көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын айту деген сөз.
  2. Қалайша болды? Бұл сұраққа жауап беру - оқиғаның қалайша болғанын айту-көркем шығарманың сюжеті мен композициясы туралы айту деген сөз.
  3. Оқиға кімдердің басында болды деген сұраққа жауап беру – көркем шығармадағы кейіпкерлер, бейнелер, тип пен характер мәселесі туралы айту деген сөз.
  4. Болған оқиға қалай баяндалған? деген сұраққа жауап беру суреткердің дүниетанымы мен көркем әдіс мәселесін сөз ету болып шығады.

Суреткер – қоғам қайраткері. Суреткер – сегіз қырлы. Академик З.Қабдолов нағыз талантты, дарынды суреткердің сегіз қырын атап көрсеткен. Олар:

  1. Сезім, нәзік сезімталдылық. Өзін қоршаған ортадан әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну.
  2. бақылау, жіті бақылағыштық..Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдн болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұнын танытпақ.
  3. Қиял, шығармашылық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанаттышығармашылық қиял – таланттың серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік.Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпыәдеби шығарма болуы мүмкін емес.
  4. интуиция. Өлең жазу- есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең – ішкі терең, тбиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билеу қажет.
  5. өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да мықты. «Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды» (Ибсен).
  6. парасат. Құр соқыр сезіммен , бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек.
  7. шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық-еңбексүйгіштік.
  8. шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық– қабілетсіздік, қабілетсіздік – дарынсыздық, дарынсыздық – талантсыздық.

 Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай деген сұраққа жауап беру суреткердің дүниетанымы мен көркем әдіс мәселесін сөз ету болып  шығады.

Әдебиеттану ғылымы – көркем әдебиет туралы ғылым. Бұл негізінде үш саладан құралады: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны.

Әдебиет тарихы белгілі бір халықтың әдебиеті қай кезден басталды, шығармасымен қоса авторлық аты сақталған ең алғашқы ақыны кімдер, олардан қандай мұралар қалды, олардың өзара байланысы қандай, қандай жүйеде дамыды, қандай тарихи кезеңде туды т. б. мәселелерді зерттейді. Әр халықтың көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді.

...

Скачать:   txt (38.3 Kb)   pdf (134.3 Kb)   docx (22.1 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club