Ұйымда қаржылық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері
Автор: nazym9699 • Март 27, 2018 • Реферат • 15,978 Слов (64 Страниц) • 1,209 Просмотры
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ұйым қаржысы
1.1.
2. Қаржылық есеп
2.1.
- Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау
3.1.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Қосымшалар
І. Кіріспе
Мен, Ф.И.О. 2014 жылдың 17 наурызынан бастап 7 маусымына дейін Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы 2 Райымбек көшесінің қиылысында орналасқан «TC Green Mart» ЖШС-нің бухгалтерия бөлімінен өндірістік тәжірибеден өттім. «TC Green Mart» ЖШС сауда қызметімен айналысады, қазіргі таңда Қазақстандағы ірі сауда желілерінің бірі болып табылады. Кәсіпорынның біздің еліміздің әр қаласында орналасқан құрылымдық бөлімшелері бар, атап айтсам, Астана, Қарағанды, Степной, Петропавл, Ақтөбе, Шымкент, Балқаш және т.б.
Менің тәжірибеден өтудегі басты мақсатым – алған теориялық білімімді тәжірибе жүзінде бекіту, тереңдету және толықтыру болып табылады. Себебі, жоғары тәжірибелі мамандарды дайындауда тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар, тәжірибе жүзінде тереңдетіліп бекітілген білімнің маңызы зор. Сонымен қатар: кәсіпорынның бекітілген жұмыс тәртібін, әкімшілік құқықтары, тазалық және қауіпсіздік нормаларын, жабдықтарды пайдалану жөніндегі келісімшарт талаптарын толығымен сақтадым.
Тәжірибе ұйымдастыру үшін мына міндеттерді орындау:
- берілген тақырыптық жоспарға байланысты мекеме туралы толықтай ақпарат жинақтау;
- бухгалтерлік есепті заңнамаға сәйкес жүргізу нысанын үйрену;
- құжат айналымымен танысу;
- мекеменің қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қалыптастыру.
Тәжірибені үш пәннен өттім: қаржылық есеп, аудит және ревизия және экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау. Осы пәндер бойынша әр тақырыптарға байланысты жұмыстарды атқардым.
Соның ішінде бірінші қаржылық есеп пәні бойынша бухгалтерия бөлімімен және кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымымен толық таныстым. Сонымен қатар тәжірибе барысында бухгалтерия жұмысы, бухгалтерлер құрамы мен олардың жұмыс тәртібі, ондағы қаржылық, бухгалтерлік, т.б. операциялардың жүргізілетін көріп, оқып үйрендім. Менің осы тәжірибені өту уақытымда кәсіпорынның қаражаттар есебі, негізгі құралдары, материалды емес активтері, тауарлы-материалдық қорлары, дайын өнімінің есебі, еңбекақы және оның есебі, жабдықтаушылармен есеп айырысуы, т.б байланысты жүргізілетін операциялар мен олардың бастапқы құжаттарымен, тақырыптарға байланысты операциялар орындауым керек болды, және осы тақырыптардың әрқайсысына белгіленген күндері және сағат саны болды. Кәсіпорынның есеп саясаты мен қаржылық есеп беру формаларымен танысуым керек еді.
Сонымен қатар, аудит және ревизия пәні бойынша мен кәсіпорында аудит тексерістері қашан болатынын және қандай жағдайда өтетінін, қандай салалар, құжаттар, операциялар тексерілетінін, т.б. танысуым керек еді. Тағы да алдағы уақытта мен кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері, ағымдағы активтері, қаражаттар аудиті, міндеттемелер және еңбекақы бойынша есептесу аудиті мен ревизиясында қандай құжаттар және осыларға байланысты лауазымды тұлғалар, олармен материалдық жауапкершілік туралы акт, операциялармен танысатын болдым.
Тәжірибе пәнінің соңғысы – экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау. Осы пән бойынша мен кәсіпорынның экономикасын және қаржылық есептілігін талдауым керек болды. Соған байланысты, мен тәжірибенің соңғы күндерінде кәсіпорынның негізгі қорларын, материалдық ресурстарын, еңбек өнімділігін пайдалану тиімділігін, өндіріс көлемін және оған байланысты басқа да орын алатын операцияларды талдауым керек болды. Ал қаржылық есептілік бойынша мен кәсіпорынның қаржылық есептілігін, қаржылық тұрақтылығын, шаруашылық суъектісінің табыстылығын, іскерлік белсенділігін және де кәсіпорынның болашақта банкротка ұшырау мүмкіндігін талдап, қорытынды жасауым керек еді.
...