Объектіге бағытталған бағдарламалдау негіздері
Автор: zinamar • Февраль 28, 2018 • Реферат • 2,202 Слов (9 Страниц) • 2,012 Просмотры
Нұрғазина Б.Қ.
[pic 1][pic 2]
Нұрғазина Б.Қ.
Бағдарламалау негіздері. Visual Basic: Оқу құралы. –Павлодар, 2007 жыл. 84– бет
Бұл оқу құралы объектілі-визуалды Visual Basic бағдарламалау тілінің негіздерін үйренуге арналған. Visual Basic компоненттері мен тілдің негізгі операторларын пайдалану әдістері мысалдар арқылы түсіндірілген. Бұл құрал бағдарламалау тілін үйренуші Qbasic тілін меңгерген орта мектеп пен колледж оқушыларына арналған.
[pic 3]
1.Объектіге бағытталған бағдарламалдау негіздері
VisualBasic6.0 визуалды бағдарламалау жүйесі
1991 жылы Microsoft корпорациясы компьютер әлеміне VisualBasic-ті ұсынды. Бұл жүйе Windows ортасында әр түрлі күрделіліктегі бағдарлама құруға мүмкіндік берді.
VisualBasic-оқиғамен басқарылатын бағдарламалауды (еvent-driven programming) қолдайтын ең алғашқы тілдердің бірі.
Оқиғамен басқарылатын бағдарламалауда әрбір қадамды сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаға қалай жауап беру керектігі:команданы таңдау, терезеде маус батырмасын басу, маустың орнын ауыстыру - кӛрсетіледі. Бұл жүйеде сіз бір үлкен бағдарламаның орнына пайдаланушы басқаратын, бір-бірімен байланыстағы бірнеше бағдарламадан тұратын Windows қосымшаларын құрасыз.
Бағдарламалаудың біріктірілген ортасы
VisualBasic жұмыс ортасы біріктірілген (Integrated Development Environment-IDE) деп аталады, себебі, бұл ортада жобалау, редакциялау, компиляциялау, қосымшаны (бағдарламаны) жүргізу функциялары орындалады.
IDE-бұл бағдарламаны құруда қолданылатын жұмыс орны және құралдар жиыны. Визуалды ортаның негізгі элементтері бағдарламалау ортасын жұмысқа қосқан соң дисплей экранында пайда болады. Жасырылған немесе қосымша терезелер жұмыс барысында қажеттілігі бойынша шақырылады.
VisualBasic- Windows графикалық ортасында жұмыс істейтін бағдарламалау жүйесі. Графикалық ортаның негізі – терезелер. Бағдарламамен жұмыс істеу, қажет режимдерді таңдау, нәтижелерді талдау, құжаттарды ӛңдеу мен жӛндеу жұмыстары монитордың графикалық экранына басқару элементтерін: белгілер, пиктограмалар, батырмалар, қабаттасқан терезелер орналастырып, оларға мауспен әсер ету арқылы жүргізіледі. Осы себепті пайдаланушының компьютермен диалог жүргізуі жеңілдейді.
VisualBasic жұмысқа қосу тәртібі:
Пуск-Программы-MicrosoftVisualBasic6.0- MicrosoftVisualBasic6 .0
VisualBasic6.0 жұмысқа қосқан соң экранда жобалар менеджерінің (Project Wizard) New Project терезесі пайда болады. Бұл терезе 3 беттен тұрады:
-New (жаңа жобалар)-жаңа қосымшаны жасауға шаблон таңдау;
- Existing (бар жобалар)-бар жобаны таңдау;
- Recent (жуырда пайдаланылған жобалар)-тек соңғы уақытта жұмыс істелген жобалар тізімі кӛрсетіледі.
Жаңа жоба құру үшін New беті пайдаланылады. Бұл беттегі шаблондар тізімі мен қызметі тӛменде берілген:
- Standard EXE-стандартты орындалатын қосымша;
- ActiveХ EXE- ActiveХ орындалатын қосымша;
- ActiveХ DLL – ActiveХ динамикалық кітапханасы;
- ActiveХ Control- ActiveХ басқару элементі;
- VB Application Wizard – қосымшалар шебері;
- VB Wizard Manager- пайдаланушы шеберлерін құру шебері;
- Data Project-деректер базасын басқару жобасы;
- IIS Application- Web түйін серверінде (IIS-Internet Information Server) орналастырылатын қосымша;
- Addin-қосымшалар мүмкіндіктерін кеңейтетін баптаулар, қосымша утилиттер;
- ActiveХ Document DLL- ActiveХ құжаттарының динамикалық кітапханасы;
- ActiveХ Document EXE- ActiveХ құжаттарының орындалушы қосымшасы;
- DHTML Application-динамикалық HTML-беттерін құру қосымшалары;
Егер New Project диалогтық терезесін шығару қажет болмаса, онда Don’t show this dialog in the future (Диалогты бұдан былай кӛрсетпеу) жолына жалауша қою қажет. Бұл жағдайда New Project терезесін шығару қажет болса, онда менюдің File пунктіндегі New Project командасы
...