Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің Қазақстан тарихнамасындағы орны
Автор: mendalieva.assyl • Май 22, 2024 • Курсовая работа • 5,917 Слов (24 Страниц) • 104 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті. Тарих және экономика, құқық факультеті. ҚР тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің Қазақстан тарихнамасындағы орны. тақырып атауы
Орындаған студент: Сәрсенғалиқызы С (студенттің аты-жөні) Тексерген: т.ғ.к., доцент Боранбаева Б.С (оқытушының аты – жөні) Орал – 2024 ж. |
Мазмұны.
Кіріспе .......................................................................................................3
І тарау Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі
1.1 Мұхаммед Хайдар Дулати кім.........................................................4
1.2 Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектері (шығармалары).................8
ІІ тарау Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің Қазақстан тарихнамасындағы орны.
2.1 Мұхаммед Хайдар Дулати және Қазақстан тарихы..........................10
2.2 Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі туралы зерттеулері..........................................................................................................17
Қорытынды ...................................................................................................18
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ....................................................................20
КІРІСПЕ
Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың туындысы. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – кітабында қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.
Тақырыптың өзектілігі: Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің Қазақстан тарихнамасындағы орнын зерттеу, мағынасын аша отырып, білім деңгейімізді арттыру.
Тақырыптың тарихнамалық зерттелу деңгейі: Шығарма шынайы оқиға негізінде жазылған. Мұхаммед Хайдар Дулати осы еңбегінде сол кезде болған оқиғаларды және өмірін суреттеп қағазға түсірген. Аталған шығармада Түркістан, Ауғанстан, Орталық Азия елдері жайлы шындық, тұрмыс-тіршілікті бейнелеген. Кейінгі зерттеушілер керекті мәліметтерді соғысқа қатысқан, соғыс жылдарындағы мәліметтерді осы кітаптан алып отырған.
Тақырыптың тарихнамалық маңызын айту керек: Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін аса құнды, тарихи еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады.
1.1 Мұхаммед Хайдар Дулати кім?
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.
...