Тоңазытқыш түрлері
Автор: Gulnazkairatovna • Ноябрь 26, 2018 • Курсовая работа • 1,539 Слов (7 Страниц) • 1,061 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ[pic 1]
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Агрономия» факультеті
«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасы
«Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары» пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «»
Орындаған: ТПП-31 топ студенті Д.Г.Тельманова
Тексерген: оқытушы, магистр Д.С. Жаксыгалиева
Орал – 2018
Мазмұны
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ...................................................................................................5
- Тоңазытқыш түрлері
1.2
II. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................
Тоңазытқышқа қойылатын санитарлық талаптар мен қауіпсіздік ережелері
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Тоңазытқыш – бұл жалпы алғанда тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтауға және тоңазытып өңдеуге арналған суытылатын бөлемелер, ғимараттар. Осыған байланысты ол келесі ерекшеліктерге ие.
Тоңазытқыштың бөлмелерінде температура қоршаған орта температурасынан төмен болып ұсталады, ал кейбір жағдайларда – ауа қозғалысының жылдамдығы да (ауа алмасуы), ауаның ылғалдылығы да, газдық ортаның құрамы да.
Сыртқы ауаның жылу мен ылғалы тоңазытқыш бөлмесіне кіріп кетеді, сондықтан ылғал мен жылудың ішке кіріп кетпес үшін және зиянды әсерлерді болдырмас үшін тоңазытқыштарда арнайы қоршау құрылымдары қажет болады.
Тасымалданатын жүктердің (өнімдердің) үлкен көлемі мен оларды тиеу түсіру жылдамдығының қажеті болғандықтан тиеп-түсіру және көлік құралдарын қолданады.
Тоңазытқыштың бөлмелеріне жоғары санитарлық және гигиеналық талаптар қойылады.
Тоңазытқыштарды нұсқауы бойынша, сақталатын өніміне қарай, сыйымдылығына (өнімділігіне), ғимарат түріне қарай әмбебаптылығына қарай ажыратады. Тоңазытқыштың әр түрінің өзінің ерекшелігі болады, оны жобалау және пайдалану кезінде ескереді. Нұсқауы бойынша тоңазытқыштарды дайындық, өндірістік, таратушы, сауда-саттық, портты және тұрмыстық деп бөледі.
Дайындық тоңазытқыштар өңделген өнімдердіқысқа мерзімді сақтауға және оларды өсіру жерінде (балықты аулау орнында, жидектер, дақылдар, жемістер мен көкөністерді егістікте жинау жерлерінде) алдын-ала тоңазытып өңдеу үшін арналған. Олар әдетте өзіндік өнеркәсіп болып, өнімдерді сақтау үшін аз сыйымдылығы бар салыстырмалы түрде үлкен өнімділікке ие болады.
Өндірістік тоңазытқыштар өнімдерді тоңызатып өңдеуге (суыту, мұздату) және қысқа мерзімді сақтауға арналған. Олар тамақ өнеркәсібінің құрамында болуы мүмкін (ет комбинаты, сүт комбинаты және тағы басқаның). Бұл тоңазытқыш түрлері өнімдерді сақтауда сыйымдылығы салыстырмалы түрде шамалы тоңазытып өңдеу үшін үлкен өнімділікті құрылғыларды сипаттайды.
Таратушы тоңазытқыштар халықты тамақ өнімдерімен біркелкі қамтамасыз етіп тұру үшін жыл ішінде мерзімді сипаты бар өндірістердің тамақ өнімдерін сақтауға арналған. Олар өнімдерді сақтауға және үлкен жүк айналымы бар салыстырмалы түрде сыйымдылығы үлкен бөлмелерді сипаттайды. Орташа және ірі өнеркәсіптерде таратушы тоңазытқыштардың көбінесе өндірістік цехтары болады: балмұздақ өндірісі, сулы және құрғақ мұз өндірісі, майды өлшеп салу және т.б. мұндай өнеркәсіптерді суық комбинатты деп атайды.
Сауда-саттық тоңазытқыштары сауда өнеркәсіптері мен қоғамдық тамақтану орындарының тамақ өнімдерін қысқа мерзімде сақтауға арналған. Олар шамалы сыйымдылық пен үлкен жүк айналымға ие.
...