Қ.Жұбанов «Қазақ тілі грамматикасы»
Автор: zhaniya1983 • Март 29, 2022 • Лекция • 721 Слов (3 Страниц) • 690 Просмотры
Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ тілі грамматикасы» атты оқулығында «грамматика нендей ғылым», «сөз бөлшектері», «сөз», «сөз бен ой», «сөйлем», «сөйлем мүшелері», «сөз қиыны», «сөз тұлғасы», «өлі қосымша», «өлі түбір», «кіріккен түбір», «қыйулы сөз», «қосар сөз», «қосалқы сөз» «туынды негіз» деген терминді қолданып, оларға анықтама беріп, ғылыми талдау жасаған. Қазіргі ғылыми грамматикаларда, оқу құралдарында тұрақты қолданыс тапқан «жұрнақ» терминін Қ.Жұбановтың «үстеу» деп атаған. Жұрнақтардың табиғатында лексикалық немесе грамматикалық мағына үстеушілік қызметі бар. Қ.Жұбанов жұрнақтардың осы ерекшелігіне қарай «үстеу» деген терминмен атаған болу керек.
Қосымшалардың түбірге жалғану реті туралы мәселеде ғалымның көрегендікпен айтқан тағы бір ой-тұжырымдарын кездестіреміз. Бұл -да, -де – жатыс септігінен кейін -ғы, -гі жұрнағының және -дай, -дей жұрнағынан кейін жалғаулардың жалғануына (нардайлары, үйдейлері) қатысты айтқан «ескертулерінде» айқын көрініс тапқан. Жатыс септігінен кейін жалғанатын -ғы, -гі жұрнағының сөзжасамдық/формажасамдық қызметі туралы қазіргі грамматикаларда даулы пікірлер бар. Ғалым -дай/-дей қосымшасын «теңдес септік» деп атап қана қойған жоқ, осы тұжырымын дәлелдейтін тілдік деректер де берді. Қ.Жұбанов сын есімнің шырайлары туралы да ғалым тың ойлар айтып, шырайлардың мынадай түрлерін атайды: 1).жай шырай; 2).араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде болады); 3). салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -леу); 4). жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы); 5): таңдаулы шырай (өте қысқа, қып-қысқа, ұзын-ақ); 6). орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, едәуір);. Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде танылып жүрген -ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -ақ демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді.
Морфология жеке сөздердің формасын, синтаксис сөз тіркестерінің формасын тексеретін ғылым деп танылды. Бұл екеуін жалпы тіл формасы жайындағы ғылым деп танып, бұрынғы грамматика деген атақты осыған берді. Сонда «Грамматика нені қарайтын ғылым» болып шықты? Демек, басқа тараудан бөлініп грамматика форманы қарайтын зат болып шықты; лексикология, семантика, фонетика сияқтылар бұл өлшеуге келмейтін болғандықтан, грамматикадан бөлек ғылым болып қалып, грамматика дегеніміз — тек морфология мен синтаксис болып саналды. Синтаксистің өзі де бұрынғы ұғымдағы сөйлем жүйесін тексеретін синтаксис емес, сөйлем болып құрылсын мейлі, немесе жәй әшейін сөз тіркестері болсын мейлі, әйтеуір тіркескен сөздердің тіркесу формасын қарайтын ғана ғылым болды. Сөйлем дегеніміз — бұрын логика сөйлеміне, психология коммуникациясына тура келетін, сөзбен айтылған лебіз болатын (аяқталған ойды білдіретін сөздер).
...