Л.Дүйсенбекова Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу
Автор: nazym_mtdi • Апрель 12, 2019 • Анализ книги • 1,173 Слов (5 Страниц) • 939 Просмотры
ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ
Толағай
(Ерлік туралы аңыз)
I
Ел аузында ертеректен,
Ертек болған қызық кептен
Бір әңгіме есімде бар.
Айтып соны баяндайын,
Ерінбейін, аянбайын,
Тыңдау үшін кел, балалар!
Бес жүз жылдар шамасында,
Сонау ертіс жағасында,
Болған біреу Саржан атты.
Даңқы шыққан мерген екен,
Талай жерді көрген екен,
Сүйіпті жұрт сол қазақты.
Жұбайы да өзіне сай,
Аты Айсұлу – ақ маралдай
Ақша беті айменен тең.
Көркінен де ақылы басым
Көршілердің кәрі, жасын
Сүйсіндірген қылығымен...
Ерлі-зайыпты Саржан мен Айсұлудың киіз үй маңында бір-бірімен әңгімелесіп тұрған суретін бейнелеу керек. Айсұлудың үстінде қазақы комзол. Басында ақ орамал. Саржан батырдың белінде қанжар, теріден тігілген жеңіл киім, аяғында құрым етік (оюы болу керек) Айналасы жазық дала. (Тау болмау керек) Мал жайылып жүр. Аспан шайдай ашық болу керек. Екеуі де көңілді. |
Айсұлудың білінді іші;
Тілеуінде үлкен-кіші
Күнде думан сауық-сайран.
Аямады Саржан барын,
Ортаға сап атқан аңын,
Қызып жатты күлкі мен ән.
Айы толды, күні жетті,
«Ұл туды!» лап ел шу етті,
Дүниеге бір бала келді.
Отыз күндік мерекені,
Естен кетпес берекені
Сол ауылға ала келді.
Ерлі-зайыпты Саржан мен Айсұлудың суреті. Саржан кішкентай нәрестені екі қолымен басынын жоғары көтеріп тұр. Аллаға шүкір етіп тұрғандай, менің ұлымды көріңдер дегендей кейіпте. Аспан көрініп, күн шығып тұру керек. Таң атып келе жатуы керек. |
Ақ тілекті дос жарлары
Ат арытып жетті бәрі
Қалмай адам көңлі жақын.
Ақсақалдар қол көтеріп,
Жас бөбекке бата беріп,
Толағай деп қойыпты атын.
Балғын бөбек жетті бірге,
Ілінбесін көз бен тілге
Кереметтен туған жандай.
Кере қарыс, ақша маңдай,
Күн нұрынан жаралғандай.
Көзі түскен таңқалғандай.
Үштен төртке жетті жасы,
Туған айдай екі қасы
Ақ тістері – ақ меруерттей
Қос жұлдыздай көз жанары,
Қос бетінен тамып қаны,
Жалындайды жанған өрттей.
Толағай жеті жасқа келген суреті. Ірі денелі, тістері аппақ, көздері оттай жанып тұрады, Екі беті қып қызыл. Бұл жерде Толлағайдың бала бейнесін салу керек. Алайда ол бала болғанымен денесі ірі, күші мығым, аяқтары балғадай батырға лайық тұлғасы болу керек. |
Тым ерекше тұлға, пішін,
Өлшеп болар емес күшін,
Қуанышты ата, анасы.
Бота болып ойнағалы
Арқаласа он баланы –
Қайыспайды қабырғасы.
«Алып болар», – деді үлкендер,
Тірі болсын, туды бір ер,
Ер жетуін күтті халық.
Арнап келіп көрер болды,
Көрген соң көз сенер болды;
Алыстағы ел хабарланып.
Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты,
Жай отынан кейін емес.
Темірден де өткізеді,
Ел осыны етті кеңес.
Толағайдың садақ тартып жатқан сәтін салу керек. Қасында үлкен көл және әкесі болу керек. Бұл жерде Толағай бала болса да есейген. Күші бойына сыймай тасыған. |
Еріп ескі мергендерге,
Әкесімен шықса бірге
Аң аулауға – кең даладан,
Құтылмайды қашқан құлан
Жалғыз толғап тартуынан,
Жан құтқармас болды қыран.
Осындай бір аңшылықта
Кетіп ұзақ – айшылыққа,
Шексіз, шетсіз көлге келді.
Мөлдір судан шөл қандырып,
Алайын деп көзімді іліп,
Әкесімен тілге келді.
Жалғыз ұлы – көз жанары,
Сұраса да берер жанын,
«Ұйықта, қозым», – деді Саржан.
Ұйқыдағы Толағайды
Айналады, толғанады,
Көбелектей от айналған.
Әкесі Саржан жағасында қамыс өскен көлдің қасында садағын жонып отырады. Толағай қасында алаңсыз ұйықтап жатады. |
...