Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шона Смаханұлы

Автор:   •  Февраль 20, 2019  •  Реферат  •  1,823 Слов (8 Страниц)  •  1,358 Просмотры

Страница 1 из 8

*САТИРИК, АҚЫН ШОНА СМАХАНҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

ХАЛЫҚШЫЛ ҚАЛАМГЕР ЕДІ

Шона Смаханұлы әдебиет сүйер қауымға ерте танылған қаламгер. “Кейбір қаламгердің шығарған  кітабынан қызмет істеген жері  көп, ал менің қызмет істеген жерімнен гөрі жазғаным көп. Сатиралық шығарма  роман көлеміндегі кітаптай қалың болмайды, жұқалау болып шығады. Содан да жолы жеңілдеу”, деп күлетін. Онда да бір шындық бар шығар. Десекте оқырманға жиырмаға тарта шығарма сыйлаған қаламгер аз жерде емес “Мектеп”, “Жазушы” баспаларында редактор, “Қазақстан мұғалімі” газетінде бөлім меңгерушісі, “Ара” журналында фельетоншы қызметтерін абыройымен атқарды. Қай салада жүрсе де өзіне жүктелген міндетті шығармашылықпен адал, шыншыл, шынайы, әрлі етіп атқара білген. Әсіресе, сатиралық поэзия жанырының мәртебесін биікке көтерген көрнекті қаламгерлер санатында болды. “Сайыпқыран сатирик”, “шоқ тілді Шона” атануы оған, оның шығармасына деген халықтың құрметі мен шынайы бағасы.

Ол кезде газет-журналдар айына бір мәрте қаламақы береді. Кезінде Димаш аға Қонаевтың бастамасымен соғылған Баспасөз үйіндегі бесінші қабаттағы кассадан шыққан соң, Шона аға жетінші қабаттағы біздің «Лениншіл жас» газетінің редакциясына бас сұға кететін.

        Келесі бір келгенде қайда тұрып жатқанымды, келіннің жағдайы қалай екенін сұрап, “қысылсаңдар бір бөлме бос тұр, қалған екі бөлмеде Сапар деген елдес інің тұрып жатыр, тиындарыңның керегі жоқ, үлкен қала біз қамқор болмасақ сендерге кім қамқор болады”, деп шын  ниетте үлкен жанашырлық танытып, ұсыныс жасады. Келіншегім сол кезде ортаншы ұлым Абзалға аяғы ауыр еді, әне-міне жеңілдер деп күтіп жүргенбіз. Аяқ асты мұндай ұсынысқа әрине, қуанып кеттік...

Шөкең жазу үшін жер талғамайтын адам. Бір бөлмеде отырып шай ішетін кәдімгі қазақи дөңгелек стол болатын. Өзінің болмысы сондай қазақи жан еді ғой. Кейде соның жиегіне шынтағын тіреп қойып, малдас құрып алып жұмыс жасап отыратын. Маңайындағы улап-шулап жүрген балалардың айқайына мән  бере бермейтін. Көнпіс жан еді. Анау ақындарға ұқсап мынау кең үйдің бір бөлмесін кабинет жасап алса қайтеді деп ойлайтынмын сонда. Газет тапсырмасымен өзі секілді үлкен қаламгерлердің үйіне бара жүріп оларда жеке кабинет барын  аңғарғаным ғой.

Шөкеңнің жоғарыда айтқанымдай бұл бір маған жасаған жанашырлығы емес. Қараңызшы, өзі жоқ-жітігі бітелген жандай болып, қысылғандарға қол ұшын созып шапқылап жүріпті, қамкөңілдерге қамқорлығын аямапты. Қазір Шөкеңнің сондай шапағатын көрген мен білетін біраз жандар баршылық, бүгінде олардың біразы қайраткерлер қатарында. Менің бұл пікірімді олар теріске шығармас деп ойлаймын. Бірақ, Шөкең олардың ешқайсысынан “кезінде сөйтіп едім ғой” деп, қайтарым күткен емес. Сондай қайырымы шексіз ғажайып жан еді...

Елдегі ары таза азаматтармен көп араласса, Алматыда да ұлтым деген адал, ақ жүрек жандардың жанында жүретін. Әсіресе тағдыры бір, соғыс көрген  қаламгерлермен қатты сыйлас болды. Атап айтсам  Қасым аға Қайсеновпен, Әзілхан аға Нұршайықовпен, Әбу аға Сәрсенбаевпен, Қалмұқан аға Исабаевпен. Сатирасы өз алдына, әнге текст жаза жүріп көптеген сазгерлермен тығыз шығармашылық байланыс жасады.

Нұрғиса аға Тілендиев үйге жиі келіп тұратын. Ағалы інідей өте жақын болды. Шөкең өзі ішімдікке көп әуестігі жоқ, ілуде бір алып қалса босаңсуы тез. Ондайда атадан жалғыздығы еске түсіп, жетім өскен күндердің жоқшылығы жанын жегідей жейтін. Оның аталас жақыны, сырлас дос інісі, көп жылдар аудан басшылығында болып, ұзақ жылдар шаруашылық басқарған Сейілбек Әбдиевке жазған хатынан да байқаймыз.  Бір күйзелісінде: “Бақыт үшін күресу -әр адамға тән қасиет қой. Өзіңіз білесіз, мен төрт бес атадан бері жалғыздап келе жатқан атаның жалғыз ұлымын. Менен ештеме болмаса, Жанжігіт ұрпағы бүтіндей үзіледі. Осы ой маған соңғы төрт бес жылда маза бермеді...”

...

Скачать:   txt (24.3 Kb)   pdf (122.5 Kb)   docx (17.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club