Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Студенттік топтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін әдіс-тәсілдердің нәтижесін эксперименттік зерттеу жұмыстары

Автор:   •  Апрель 21, 2022  •  Курсовая работа  •  6,252 Слов (26 Страниц)  •  272 Просмотры

Страница 1 из 26

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................3

Негізгі бөлім

І Студенттік топтың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері..........................5

1.1 Тұлғааралық қатынастар топтың дамуының негізі ретінде...................5

1.2 Студенттік топ: психологиялық ерекшеліктері, қалыптасуы, дамуы..11

2 Студенттік топтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін әдіс-тәсілдердің нәтижесін эксперименттік зерттеу жұмыстары..................................................16

2.1 Зерттеу әдістері мен қолданылған психологиялық әдіс-тәсілдердің сипаттамасы...........................................................................................................16

2.2 Зерттеу нәтижелері бойынша талдау.....................................................19

Қорытынды....................................................................................................22

Әдебиеттер тізімі...........................................................................................24

Қосымшалар...................................................................................................26

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Жоғары оқу орны – тұлғаның әлеуметтiк дамуындағы өте маңызды кезең. Өйткенi дәл осы кезеңде адам өзiн қоршаған дүние мен өмiрдi бiлуге құштарлығын қанағаттандыруға тырысады. Интеллектуалдық жағынан толығып, қажырлы ой еңбегiмен айналысады. Жоғары оқу орнында бiлiм алу студенттен интеллектуалдық қабiлеттiлiгiмен қатар жекелей тұлғалық қасиеттердiң де қалыптасуын қажет етедi. С.А. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьевтердiң зерттеулерiне сүйенсек, тұлғалық даму жолындағы адам  өзiн танып бiлумен бiрге өзiн өзгертуге де дайындығымен ерекшеленуi тиiс. Студент жастардың осындай ерекшеліктерін ескере келе жоғары оқу үдерісі жағдайында психологиялық көмек көрсетуді студенттік топтың қалыптасуы мен нығаю мақсатымен байланыстырудың маңызы зор деп есептейміз.

Университет студенттің тұлғалық қалыптасу үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Білім беру тек білімді, дағдыларды игеруді ғана емес, сонымен бірге дамуды да білдіреді. Білім беру үдерісінде адам қоғам мен әлеуметтік топтардың мінез-құлық үлгілерін игереді немесе өзінің мінез-құлқын олардың нормалары мен құндылықтарымен байланыстырады. Білім беру саласындағы тұлғаға әсер ететін ең жақын әлеуметтік ортаның бірі - студенттер өмірінің ерекше формасы болып табылатын оқу тобы. Студенттік орта және студенттік топтың ерекшеліктері студент тұлғасының дамуына және әлеуметтенуіне әсер етеді. Студенттік топта тұлғааралық қарым-қатынастарды құрылымдаудың, қалыптастырудың және өзгертудің, топтық рөлдерді бөлудің және көшбасшылықтың көрініс табуының динамикалық үдерістері жүреді. Барлық осы топтық үдерістер студенттің тұлғааралық қатынастарға бейімделуіне, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін түсінуіне және меңгеруіне ықпал етеді.

Әлеуметтік психологиядағы шағын топтарды зерттеу мәселесімен Дж.Морено, Э.Майо, К.Левин, С.А. Багрецов, Е.М. Дубовская, Ю.М. Кондратьев, Р.Л. Кричевский және басқа зерттеушілер айналысқан. Қарым-қатынасты психикалық дамудың маңызды шарты ретінде қарастырған В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, М.М.Бахтин, В.Н.Мясищев және басқа да ғалымдардың еңбектері де біздің зерттеуімізге арқау болды.

Біздің еліміздегі студенттік топтардың проблемаларын қарастыратын зерттеу жұмыстарының ішінде кросс-мәдени психология тұрғысынан О.Х. Аймаганбетованың, педагогикалық ЖОО студенттерінің көпмәдени білімі туралы Ш.С. Демисенованың, сондай-ақ жоғары оқу орнында оқуға бейімделу үдерісінде студенттердің құндылық бағдарларын дамытуға арналған Д.Т. Ихсанованың жұмыстарын атап өтуге болады.

Білім беру үдерісінде білім алушылардың өзара қарым-қатынасы мәселелеріне арналған жұмыстар санының көбеюі ғалымдардың бұл мәселеге мұқият назар аудара бастағанын көрсетеді, бірақ мәселенің теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде белгілі бір жетістіктерге қарамастан әлі де зерттеулердің толымсыздығы байқалады. Сондықтан, осы мәселені зерттей отырып, біз студенттік топта тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы ұжымда пайда болған мәселелерді шешуге, студенттердің тұлғалық даму проблемаларын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді қарастыруды жөн көрдік. Біздің елімізде ЖОО жанында студенттерге психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқтың қасы болғандықтан, осы жұмысымыз арқылы білім алушы жастар үшін психологиялық көмек көрсетудің маңыздылығын көрсеткіміз келеді.

...

Скачать:   txt (101.2 Kb)   pdf (250.1 Kb)   docx (55.8 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club