Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
Автор: ` Laki ` • Февраль 8, 2023 • Курсовая работа • 8,079 Слов (33 Страниц) • 267 Просмотры
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «BOLASHAQ» жоғарғы колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Педагогика
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі»
Орындаған:БМ-16-1 тобының студенті
Жангабылова А.Е
Ғылыми жетекші:Бейсенова А.Н.
Тіркеу нөмері__________
Баға__________________
Қолы_________________
Қарағанды-2020
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Бастауыш сынып оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің ғылыми-теориялық негіздері .................................................................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер туралы жалпы түсінік......................................................................................................................13
1.2 Жаңа әдіс-тәсілдерді бастауыш сыныпта сабақтарында қолдану ерекшеліктері..........................................................................................................14
2.Бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер....................18
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі ............................................................................................28
Қорытынды.............................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................30
Қосымша.................................................................................................................34
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсеңді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиымды пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді. Мектептің білім мазмұны-әрқашан талқылауды қажет ететін дүние, өйткені әр адамның мектепке қатысы бар. Ата-аналар қоғамдастығының, педагог бірлестіктерінің және басқа да әлеуметтік топтардың мүдделері қарастырылады. Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепке неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі біздің алдымызда кесе-көлденең тұрады. Белгілі бір кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанмен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Олай болатын себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамдарға деген талаптары да үнемі өзгеріп отырады.
Мұндай жағдайда жаңа формациядағы мектеп «білгір адамды» емес, яғни шығармашыл ойлайтын, белсенді әрекет ететін, өзін-өзі зияткерлік, адамгершілік, дене тәрбиесі тұрғысынана дамыта алатын адамды дайындау қажет. Білім берудің жаңа моделінің құрылымы дәстүрлі «Мектепте нені оқытады?» деген сұраққа емес, «Мектепте не үшін оқимыз?» деген сұраққа жауап беруі қажет. Оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер нәтижесі мыналардан көрінуі тиіс: Оқыту жетістіктерінің өнімді сипат алуы, оқу процесінің әр сабақта білім алу үшін оқушылар өздері белсенді қызмет етуімен сипатталуы. Мұғалім оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Қазақстандық мектептер үшін жаңа әрі тың әдіс болып келетін критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың дамуына, оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ынталандыруға бағытталған. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар », «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең менгеруге оқып –үйренуге жетелейді. Бүгінгі таңда, бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану, әдебиет сабақтарына; топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері тәжірибеге кеңінен ене бастады.
...