Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Немермнің әңгімесі. Нұриманның күн жейесіне саяхаты

Автор:   •  Апрель 6, 2025  •  Реферат  •  773 Слов (4 Страниц)  •  113 Просмотры

Страница 1 из 4

Немермнің әңгімесі. Нұриманның күн жейесіне саяхаты.

Атам екі кештің арасында ,жер бетін қою қараңғылық басып жұлдыздар жерге жақындағанда, аулада сол жұлдыздарға қарап отырып Темірқазықты және оған арқандаулы тұрған екі тұлпар ақбозат пен көкбозатты көрсетті.  Сол екі арғымаққа қызығып оларды ала –алмай жүрген жетіқарақшыны көрсетті.Мен ол аттар неге арқандаулы? Неге қоя бермейді? Аттар не себепті бос жайылып жүрмейді?- деген сұрақтарды қойдым. Атам қалғанын өзің зерделеп, зерттеп ал деп, үйге кетіп қалды. Мен қалың ойға баттым. Олар мына көк аспанда не себепті арқандаулы?, неге ай мен күн сияқты бір –бірімен жарысып жүрмейді? ,-деген ой көкейімнен кетпей қойды.

Солай отырғанда таудың арғы жағынан шығып келе жатқан ай көрінді. Осы сұрақтардың анық –қанығын білу үшін, қорадағы қара тайға мініп, тауға қарай жөнелдім. Сол шапқан күйі қара тайыммен таудан аса секіріп, айдың бетіне бірақ топ ете қалдым. Бар ойым  Темірқазыққа жетіп, екі тұлпарды босату. Мүмкіндік болса , жерге айдап қайтып, Құлагер, Кабирхан сияқты тұлпарлардай бәйгеге қосып, қызығын көру.

Ай беті шұңқыр, тесік-тесік болған соң, қара тайым екпін ала алмады. Сондықтан ай бетінің тұтылып жартыланғанын тостым. Ай қияқтай болғанда, ең жоғарғы нүктесіне  шығып, төмен қарай шаптым. Жолда Марстың серіктері Фобусқа бір тұяғыммен, Деймусқа біп тұяғыммен  тиіп Марстың бетіне топ ете қалдым. Солай Айдан қызыл планета Марсқа бірақ секірдім. Марста тас ұшыратын қатты дауыл соғып тұр екен. Қара тайым желмен жарысып, Марсты бір айналып, ары қарай Есекқырғанға секірдік. Басыма бір ой келді. Есекқырған аты жаман екен, тағы қара тайыма бір қырсығы тиіп жүрер деп ойладым. Аттың басын Есекқырғанның көп серіктерінің бірі және ішіндегі ең әппағы Энцеладаға бұрдым. Энцелада келсем, көкпеңбек мұз екен. Қара тайым Энцеладаны үш айналып, аяғы тайып, әрең дегенде тоқтады. Ал енді жүріп көр, көк мұзда!Солай Энцелада, Есекқырғанды айналып Үркерге жақындадық. Үркерді Үркітіп алмайық деп қаратаймен Үркердің жалпақ сақинасына бірақ секірдік. Сақинаның бетімен Үркерді үш айналып, Темірқазық қайдасың деп, тартып отырдық. Бір аяғым Уранға, бір аяғым Плутонға тиіп Күн жүйесінің шегінен асып шауып келемін. Осындайда тайдың қара болғаны қандай жақсы болды. Жолда бір жерде алып сары шаян, бір жерде сүзеген бұқа, бір жерде алып аждаха бар екен. Солардың барлығының көзіне түспей, Темірқазыққа жеттім –ау әйтеуір.   Темірқазық оған арқандаулы ақбозат пен көкбозат, оларды ұрлап кетуге батылдары жетпей Жетіқарақшы жүр. Мен Жетіқарақшыға жұдырығымды түйіп , көрсетіп қойдым. Аттардың иесі кім? Жетіқарақшы неге аттарды алуға батылдары жетпей жүр ?- деген ой келді. Солай жан жағыма қарап тұрсам, бір белдің арғы жағынан ақшыл- қою түтін шығып тұр екен. Жақындап барсам әппақ, үлкен қазақ үй тігулі тұр. Атымды атағашқа байлап, қазақ үйдің ішіне кіріп бардым. Ішіне кірсем әже жеті шелпек, бауырсақ пісіріп жатыр екен.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (58.7 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club