Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Автор: lazzatusenova79 • Январь 12, 2022 • Реферат • 4,637 Слов (19 Страниц) • 529 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Түркістан облысы
Арыс қаласы
Абай атындағы жалпы орта білім беретін
мектеп-интернаты
Бағыты:
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Секция:
Өлкетану
Тақырыбы:
«Арысым-ырысым,тынысым»
Зерттеуші:
Абдулла Ақерке Серікқызы
Сыныбы:8 «А»
Ғылыми жетекшісі:
Үсенова Ләззат Әліқұлқызы
Арыс қаласы
МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ……………………………………………………..…………..…. 3
ІІ.Негізгі бөлім Арысым-алтын бесігім.………………… .. 5
1. -Арыс қаласының тарихы ……………………………….……….…....5
2. Арыс-теміржолшылар қаласы………………………………….16
3 .Арыстың ардақты тумалары……………………………………… 16
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………....…...... 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.…………………………………..…..... 20
Андатпа
Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Өзектілігі: Негізгі мақсат - өзінің туған жерінің тарихын, өз өңірінің тарихы туралы тереңірек білу. Зерттеп зерделеу. Қазіргі жастарға өз өңірінің тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.
Біздің ата-бабаларымыздың тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, Отан қорғаушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін өзі мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, - ... Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, с оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.
Болжам: Егер біз туған жеріміздің тарихын жақсы білсек, құрметтеп қастерлесек онда өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата-бабаларымыздың тарихын сақтай отырып «басқалардан кем болмаспыз».
Зерттеудің жаңалығы: Туған жерімнің тарихын анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттерден тұрады.
Арыс қаласы Абай атындағы жалпы орта мектеп интернатының 8 «а» сынып оқушысы Абдулла Ақеркенің «Арысым-ырысым,тынысым» тақырыбында
ғылыми жобасына
П І К І Р
Абдулла Ақеркенің ғылыми жобасыАрыс өңірінің тарихы,Қала болып қалыптасуы және дамуына үлес қосқан ардақты азаматтарға арналған күрделі мақсат пен міндетті алдына қойған ғылыми ізденіс жұмыс болып табылады.
...