С.Сейфуллин әлеміне саяхат
Автор: Baktar Komalov • Ноябрь 18, 2023 • Реферат • 878 Слов (4 Страниц) • 202 Просмотры
[pic 1]С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ[pic 2][pic 3][pic 4]
АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ
УНИВЕРСИТЕТІ
«С.Сейфуллин әлеміне саяхат»[pic 5]
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай тәрбиелік сағат
Орындаған: Ұлан Бекарыс Жетекші: Жанабаев Жылбек Маратұлы
[pic 6][pic 7]
[pic 8]
Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарашілік ауылында дүниеге келген.[pic 9][pic 10]
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері.
Ауыл молдасынан 3 жыл оқып, арабша хат танығаннан кейін, ата-анасы болашақ ақынды 1905 жылы орыс тілін үйрену үшін Нілдіге жібереді. Содан кейін Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш сыныпты
училищеде оқиды. 1912 жылы әлі оқуын
бітірмей жатып Сәкен, медресе оқушыларына орыс тілін үйрете бастайды.
1913-1916 жылдары Омбы педагогикалық семинариясында Мағжан Жұмабаевпен бірге білім алады. 1914 жылы Сәкен Сейфуллиннің
«Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Казань
(Қазан) қаласында жарық көреді. "Бірлік"
жастар революциялық қозғалысы
жетекшілерінің бірі болады. Семинариятты
бітіргеннен кейін Сәкен, Сілеті-Бұғылы деген елді мекенде мұғалім болып бастайды. 1917 жылы ол Ақмолаға келеді. Мұнда Сәкен Сейфуллин «Жас қазақ» саяси және мәдени- әлеуметтік қоғамын құрады.
[pic 11]
1917-1918 жылдары С. Сейфуллин оқу-ағартулық қызметтер[pic 12][pic 13]
атқара бастайды: қазақ әйелдеріне теңдік беру, бұрынғы әкімшілік- билік иелерін тізгіндеу, кедей-кепшік, жұмысшы табына күш беру, әлеуметтік іске тарту сияқты сан алуан саяси шараларға қызу араласады. «Тіршілік» газетін шығаруға атсалысады.
Ақтар көтерілісі кезінде 1918 жылы өзге Ақмола совздеп-
шілермен (депутаттар кеңесі) бірге Сейфуллин де тұтқынға
алынады. Адмирал Колчактың Омбыдағы түрмесінен 1919 жылы
қашып шығады. 1920 жылы Ақмолаға қайта оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған. С.Сейфуллин БК(б)П Қазақ Өлкелік
Комитетінің Партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы
халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманахы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік
институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақ Коммунистік Журналистика институтының профессоры сияқты түрлі қызмет атқара жүріп, проза,
драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында ерінбей еңбек
етті.
[pic 14]
1925 жылы Голощекин, билікке келгеннен кейін С.Сейфуллинді саяси және педагогикалық ортадан алшақтатады: ол комиссия меңгерушісі болып қалады. Осыған қарамастан[pic 15][pic 16]
1928 жылдың мамыр айында қазақ пединститутінде Ташкентте дәріс оқиды, келесі жылдың тамыз айында сол ЖОО-да әдебиет кафедрасының доценті атағын алады.
1930 жылдары С.Сейфуллин “Жазушылар одағын” құруға қатысады. Ол қазақ әдебиет тарихындағы алғашқы (ресми) оқулықтың авторы және "Жыл Құсы" альманахының
құрастырушысы.
1934 жылы Сейфуллин журналистика профессоры атағын алса, 1936 жылы Қазақ жазушыларының алғашқысы болып: Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Өзінің белсенді азаматтық ұстанымының арқасында С.Сейфуллин Кеңес Үкіметі тұсында тұңғыш қазақ авторы болып ресми түрде танылады.
...