Ә.Кекілбаевтың "Бәсеке" әңгімесі
Автор: Bakhakazizova • Январь 9, 2023 • Реферат • 2,509 Слов (11 Страниц) • 322 Просмотры
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Әбіш Кекілбаевтің « Бәсеке» шығармасындағы айтылған өсиетті сөздерімен мақал – мәтелдер арқылы болашақ ана ,қыз балаларға үлгі өнеге беру. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, зерттеу міндеттерін қарастырдым:
Зерттеудің міндеттері: интернет желісін және әдебиеттерден әңгімелерін тауып оқып, мәлімет жинастыру. Қазіргі уақытта Әбіш атамыздың әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор екенін көрсету.
Зерттеудің болжамы: Егер, Әбіш әңгімелеріндегі өсиет сөздерді мақал – мәтелдермен салыстыра түсіндірсе, оқушылар Әбіш атамыздың көркем шығармаларын аса қызығушылықпен оқыр еді.
Зерттеу объектісі:Әбіш Кекілбаевтың «Бәсеке» повесі
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.
Зерттеудің жаңалығы: Зерттеу барысында интернет желісінен мәліметтер алып, әңгімелерін оқу арқылы қазақ қызына тән қасиеттерді нақыл сөздерді жазып жинадым. Оның әңгімесіндегі сөйлемдерді оқи отырып, оны мақал – мәтелдермен салыстырдым. Өсиет сөздерінің көбісінің «Қазақ қызының» тақырыптармен үйлесімдігі бар екенін дәлелдедім.
Зерттеудің өзектілігі: Еліміздегі болашақ жастар үшін Ә.Кекілбаев шығармаларының тәрбиелік мәні өте зор. Көбінесе ұлттық құндылық тақырыбындағы шығармаларын көп оқыту керек. «Бәсеке» шығармасында айтылған өсиет сөздердің бүгінгі күнде өзектілігі зор екенін жан-жақты түсіндіру.
Зерттеу әдістері:жинақтау, талдау, салыстыру, зерттеу, суреттеу.
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында
өзінің арғы-бергі жолын ой елегінен өткізіп,
«Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлануы керек. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері бола білуге ұмтылсын деген сөз» Н. Назарбаев
Әбіш әлемін тану — әр қазақ үшін қажет дүние. Елдің, ұлттың рухын көтеретін дүниелердің барлығы фольклордан, елдің ауыз әдебиетінен басталады. Халықтың санасына сіңген нәрселерді әр уақытта түп-түбірімен жеткізе білген ақын-жазушыларға қазақ халқы кенде емес.
Бірақ осы ХХ ғасырдағы ірі тұлғалардың көрнекті өкілі – Әбіш Кекілбаев. Әбіш ағаның әлемдегі 100 жазушының қатарына кіруі – соның айғағы.
Қалам ұстап жүрген халық көп болғанымен, ел мойындағаны – шанда-шанда. Әбіш ағаның туған елі, туған топырағы Маңғыстау үшін жасаған еңбегі — ұшан-теңіз. Қазақ елінің тәуелсіздік алып, тәй-тәй басқан тұста еткен еңбегі де көпшілікке белгілі.
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы.
Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді. Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды.
Әбіш әлемі - өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем. Маған оның әр шығармасындағы әр бөлімнің әр абзацын,әр сөйлемін нақыл сөздермен жеткізу қабілеті ұнайды. Сондықтан мен оның әңгімелеріндегі нақыл сөздердің мақал - мәтелдермен байланыстыра зерттегім келді. Сол себепті тақырыпты«Ә.Кекілбаевтың «Бәсеке» повесіндегі өсиетті сөздер мен мақал – мәтелдердің үйлесімі» деп алдым.
Алдыма мынадай мақсат қойдым:
Мақсатым: Әбіш Кекілбаевтің « Бәсеке» шығармасындағы айтылған өсиетті сөздерімен мақал – мәтелдер арқылы болашақ ана ,қыз балаларға үлгі өнеге беру.
...