Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

М.Әуезовтің «Үйлену» әңгімесі

Автор:   •  Май 14, 2018  •  Реферат  •  349 Слов (2 Страниц)  •  4,130 Просмотры

Страница 1 из 2

Орындаған: Карим Анар

 Қабылдаушы: Сағанаева Гүлнұр Бейсембайқызы

Топ: Фи- 503

М.Әуезовтің «Үйлену» әңгімесі.

Заманымыздың көрнекті жазушысы М.Әуезовтың «Үйлену» атты шағын әңгімесі сырт қарағанда қарапайым қазақтың тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік жағдайын суреттейтін сияқты көрінеді. Дегенмен де, бұл шығарманың бүккен сыры тереңде жатыр. Бұл әңгімені үңіле оқыған оқырман  қазақ халқының кейбір қасиеттерін, табиғатты көркем сипаттаудың үлгілерін көре алады. Әңгімеде табиғат көріністері әдеттегідей, ерекше суреттелген. Сонымен қатар, автор табиғатты суреттеуге аса мән бергені байқалады. Себебі, М.Әуезов табиғатты суреттеу арқылы кейіпкерлердің көңіл- күйін, мінез- құлқы мен психологиясын ашуға тырысатын сияқты. Мысалы: «Күн қызуы жайылған ауа адамды тұншықтырғандай күйіп, шаңытып тұр. Тынысты ауырлатып, бойды мең- зең қылып, әлсіреткендей.Әншейінде шыдамды жылқы дәл бұл уақытта ыстықты шын ауырлап, мең- зең болып тұрғандай» дейді де, «Кеше екінті кезінде келген бес- алты күйеулер ауылдың қызығын молайтып, қыз- келіншек, бала- шағаның желігін көбейткендей». Яғни мұнда қанша қапырық болса да, халықтың көңілді екенін, келген қонаққа ықылас көрсетіп жатқанын көрсетеді.

Баяндау мәнері- қарапайым, түсінікті әрі сөздер дәл қолданылған, сөйлемдер шұбалыңқы емес, жинақы; әңгіме жай әрі қысқа сөйлемдермен жазылған. Кейіпкерлер диалогында қыз –қызша, жігіт- жігітше сөйлеседі. Ешқандай артық сөз қолданылмаған. Айтылар ой анық әрі дәл жеткізілген. Жасы үлкенге де, кішіге де түсінікті әңгіме. Шығармада табиғатты суреттеу кезінде, Жәмиланы суреттеуде эпитеттер сәтті қолданылған және шығарма барысында тұрақты сөз тіркестерін де кездестіруге болады.

Кейіпкерлердің мінез- құлқын сипаттауға келер болсақ, бұл әңгімеден қазақ халқының «үлкендерге» деген ізеттің басым екенін байқауға болады. Мысалы, күйеу болып келіп отырған Қасымды суреттеуде автор «Өзі пәлендей өнерлі, батыр болмаса да, «ата баласы ғой»деп, атасының «аруағын» сыйлап, ел осыны болыс қойған» деп, халықтың «аузы қисық бай баласын» сөйлетуін сынай отырып, орынды әрі тиімді қолданған. Осындай бірнеше сөз тіркестерінің ғана көмегімен М.Әуезов Қасымды оп- оңай ғана суреттеп береді. Келесі кейіпкер – Оспан. Шығармада «шала оқыған мұғалім, «өнерімен жетілген»» деп түйреп суреттелетін кейіпкер. Шығармадағы тағы бір кейіпкер- Жәмила. Ол- сұлу, мінезді қыз. Және бұл әңгімеде жаңашылдыққа деген көзқарастың қандай екендігі көрсетіледі. Мәселен, «Бұл уақытта Жәмила да «оқыған жігіт» дегенді жаңа көргендіктен, бұған өзгеше көңілмен қарап, орысша сәнді киген киміне, қызыл- шырайлы сүйкімді пішініне айрықша көңіл бөлгендей болды». Яғни, сол кезеңде орысша киінген, сөйлеген сөзі ерекше адамдарға деген көзқарас басқаша болды, ауыл адамдарына бұл өзгешелік «қызық» болғандығы байқалады.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (89.5 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club