Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің тәуелсіз Қазақстаным

Автор:   •  Сентябрь 21, 2022  •  Эссе  •  521 Слов (3 Страниц)  •  1,192 Просмотры

Страница 1 из 3

                               «Менің тәуелсіз Қазақстаным».

  Еліміз тәуелсіздігін алу үшін көптеген қиындықтарға ұшырап, алға жаңа қадам жасағаннан кейін  сан түрлі жаһанға кез болып, аяғына нық тұрғанға дейін қасіретті көп көрді. Ертеден бастап жау шапқыншылығын да көрдік, жауланып та алындық, басқа елдің қол астында да жүрген кездеріміз болатын. Алайда, бұл сияқты басымызға түскен қайғы-қасіретті жеңіп шығып, «берілу» деген сөзді мүлде қолданбай, тек алға жүруіміздің  арқасында, Қазақ жері көркейген дамушы елдердің қатарына кіріп отыр. Осындай Тәуелсіздік үшін күресудің ең басты қадамы – Желтоқсан оқиғасы болды. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де,елімізге тәуелсіздік нұрын әкелді.Санғасырлық тарихымызда,әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.Қанша қиыншылық келсе де, біз халқымыздың  ұлттық болмысын,азаттық үшін күресін ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Еліміз екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болды. Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да әлі күнге дейін жүрегімізді дүр сілкіндіреді. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды.Осы бір қаралы күндері мыңдаған жандар қаза тапты. Бостандығымызды аламыз деп сенген қазақ жастары өз елі үшін жанын тапсырды. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата - бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!. Өткенге көз жүгірте отыра, еліміздің ешкімге бағынышты болмай, өз жолын өз кірпішінен қалағанды аңсаған халық, қалағанына жету үшін бәріне дайын екеніне көзім жетті.    

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (42.4 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club