Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің арманымдағы Қазақстан

Автор:   •  Март 17, 2024  •  Эссе  •  1,159 Слов (5 Страниц)  •  19 Просмотры

Страница 1 из 5

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

                                                    ЭССЕ

Тақырыбы: «Менің арманымдағы Қазақстан»

     

                                    Студенттің аты-жөні: Иманғалиева Мәдина Бауыржанқызы

                                                   Курс: 3

                                                   Тобы: ЕШТ-33

        Байланыс телефоны: 87756699723

                 E-mail: madina.imangalieva4444@mail.ru

Арқалық , 2022-2023 оқу жылы

                                                               Эссе

                        Менің арманымдағы Қазақстан

«Қазақстанды сүю деген ол – оны өзінің жүрегінде алып жүру»

Н.А.Назарбаев

Халқымыздың азаттық жолында ерлікпен, елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында қазақ деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Қазақстан - кәрі құрлық Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кететін, ешкімнің тақиясына тар келмейтін байтақ аймақ. "Мен қазақпын", бұл сөз әрбір Қазақстандықтың көкірегін кернеген, мақтанышпен айтатын сөзі. Біздің сан ғасырлардан бері кірпіші мықты қаланып келе жатқан жас мемлекетіміз, жылдар өткен сайын әлемдік деңгейге шыға отырып, өзінің мықты мемлекет екенін дәлелдеп келеді. Мен сан ғасырлық асыл тастай тарихы бар, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті асқақ Қазақстанда туып өстім. Қазіргі таңда жас мемлекетіміздің даму деңгейін көріп, қуанамын. Жас буын ретінде болашақтағы Қазақстанды әлемдегі озық елдердің қатарынан көремін. Ал елімізді озық мемлекеттердің қатарынан көре алатын прогресске жету - мына біздің, жастардың қолында!

  Әр адам өзінің болашағы туралы күн сайын ойлайды. Әлбетте, мен де сол адамдардың қатарынанмын. Өзімнің болашағымды жарқын елде елестетемін. Қазіргі таңда мен Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында білім алудамын. Әлбетте, мен де Қазақстанның озық жастарының алды болып, еліміздің бізге беріп жатқан барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстанымыздың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Барлығымыз білетіндей, қазіргі таңда Қазақстан дамушы елдердің қатарында. Алдымен, озық, дамып кеткен ірі елдердің қатарына іліге алу үшін, әрбір қазақстандық азамат өз үлесін қосуы тиіс деп есептеймін. Қазір Қазақстанның алдына қойған мақсаттарының бірі жемқорлықтан арылып, адалдық пен әділдікті үлгі тұтатын озық  мемлекет құру. Біз, ХХІ ғасырдың ұрпақтары, өзіміз үшін ғана емес, балаларымыз бен кейінгі ұрпақтарымыз үшін де осындай болашақтың құрылысшысы болуға міндеттіміз. ХХІ ғасыр-жас мемлекеттің тірегіне айналатын жаңа буын ғасыры. Жастар өздерінің ел алдындағы жауапкершіліктерін түсіне отырып, қазір таңда  оқуға көп көңіл бөлуге, барынша тырысып, қажет білім алуға міндетті деп санаймын. Неге? Себебі, жаңа, қуатты Қазақстанның жарқын болашағына  білікті, белсенді жастар өз үлесін қосады. Біздің мемлекетеміз сол үшін де жастарға қолдау білдіріп, түрлі бағдарламалар арқылы шетелде білім алуға да, жағдай жасап отыр. Ал қазір болашақтағы, менің арманымдағы Қазақстанды бірге құрып көрейік.  Біріншіден, мен Қазақстандағы өнеркәсіптің жоғарғы деңгейде дамығанын қалаймын. Әрине, қазіргі таңда өнеркәсіптің дамуына жәймен  көңіл бөлініп жатыр. Бірақ, мен болашақта Қазақстанымызда үлкен зауыттар ашылып, жердің қойнауында бар, Менделеев кестесіндегі элеметтердің барлығының игерілгенін қалаймын. Неге? Себебі, бұл табиғи байлықты табысты өндіру арқылы біз, еліміздің экономикасын жоғарғы деңгейде көре аламыз. Мұндай үлкен зауыттар Қазақстанымыздың керемет табиғатына зиян келтіреді десек те, ол проблеманың алдын алуға болады. Қалай десеңіз, табиғи ресурстарды қолдану арқылы. Екіншіден, елімізде ақпараттық технологиялардың дамығанын қалаймын. Біздің мемлекетімізде ақпарат саласын болашақта озық деңгейде көре алу үшін, қазіргі таңда ақпарат саласына көп гранттар бөлініп жатыр. Сол себептен де мектеп оқушыларының бұл салаға деген қызығушылықтары артқан. Еліміздегі жастардың ақпарат саласындағы алып жатқан білімдері, бірнеше жылдардан соң, өз жемісін берсе деймін.Мысалы, әр түрлі еліміздің тұрғындарының пайдасына жарайтын, күнделікті тұрмыста қажет жаңа технологиялар пайда болса, ақпараттық қызмет деңгейі жоғарғы деңгейге жетсе деймін. Үшіншіден, туризм жағынан еліміздің дамығанын қалаймын. Себебі, біздің елімізде бүкіл әлем таң қаларлықтай табиғат бар. Бірақ, әлі күнге дейін бұл ғажайып табиғатты көп шет елдегі мемлекеттер біле бермейді. Не үшін? Себебі, Қазақстанда туризм жеткілікті деңгейде дамымады. Ал туризмді дамыту үшін жаңа,ірі жоба қажет деп есептеймін. Қазақстанның бүкіл әлем біле бермейтін әсем де көркем, тарихи ескерткіштерге бай жерлерінің бар екенін бүкіл әлем білсе деймін. Мен өзімнің идеямды ұсынатын болсам,ірі жобалар арқылы бірнеше шет елдерде Қазақстандық туристік компаниялар ашылып, еліміздің табиғатын бүкіл әлемге көрсеткенін қалаймын.Менің ойымша,шет елдіктер үшін бұл бір жаңа әлемге басылған қадам болар еді.Ал қазақстандықтар үшін мақтаныш және өз елін әрі қарай осы салада дамытқысы келетін жастарға үлкен мотивация деп есептеймін. Мысалы, Франция қаласына туристар Эйфель мұнарасын көріп, сол мұнарамен суретке түсу үшін барады. Бұл мұнара Франция қаласының басты фишкасы десек те болады. Менің болашақтағы арманымда, туризм саласы дамып, өзге елден келген туристардың  Астана қаласындағы “Бәйтерекпен” суретке түсуге асыққанын қалаймын. Менің ойымша, болашақта Франциядағы Эйфель мұнарасына деген қызығушылық төмендеп, жаңаша адамдарға қызық жерлер пайда болады. Ал біздің Бәйтерегіміз сол жаңаша бастамалардың басы болады деп сенемін. Егер де еліміз туризм жағының дамуына жеткілікті деңгейде қаржы бөлсе, әлбетте, бөлінген қаржы мемлекетімізге жеткілікті деңгейде қайтарылады, экономикамыз жақсара түседі, сонымен қатар Қазақстанымыздың табиғатына көп елдер қызығушылық танытып, еліміз әлем назарында болушы еді. Барлығымыз білетіндей, бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Мемлекет болып қалыптасу үшін, әр елге оның тарихы, мәдениеті мен тілі басты рөлді атқарады. Жаңашыл Қазақстанды мәдениетімен ұштасқан ел ретінде көремін, Себебі, еліміздің мәдениеті елімізді өзге елдерге суреттейді.Сол себептен де алдағы уақытта Қазақстанның мәдениет саласынан да дамығанын көргім келеді.Дамыған елдердің қатарына қосылудың бірден бір қадамын біздің мәдениетіміз деп білемін. Менің айтарым, арманым еліміздегі барлық мүмкіндікті өз бабымен пайдалана алсақ деймін.Алдағы 10 бәлкім 20 жылда мен ойлаған, мен армандаған, мен елестеткен Қазақстанды көргім келеді. Ол өте оңай. Егер бәріміз біріксек. Мемлекетіміздің даму деңгейін арттыру да, өзіміз қалаған, армандаған, жас ұрпаққа мақтанышпен көрсете алатын жаңа Қазақстанды құру да өзімізге, біздің жемісті еңбегімізге байланысты деп түйіндеймін.

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (98.8 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club