Менің арманымдағы Қазақстан
Автор: Zhanbolat Omyrzak • Февраль 4, 2023 • Реферат • 668 Слов (3 Страниц) • 213 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
«Менің арманымдағы Қазақстан»
Рысмағамбет Абылайхан, І-курс, 1507-32 тобы, тел. 87782333407 еralyabo@mail.ru
Біздің Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достыққа,татулықта бірге жұмыла отырып,қызметтің әр түрлі саласында айрықша бірігіп, елдің татулығы мен бейбітшілігін айқын көрсетеді. Көп ұлтты мемлекет ретінде қалыптасып, осыған орай олардың тағдырын,өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі және оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылуы әр халықтың қанында бар,әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге,тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып,пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық- болашақта гүлденудің маңызды талабы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атамыз айтқандай: «Біз үшін ең маңыздысы –әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі-елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық...» Міне, татулықтық пен бірліктің, ұйымшылдықтың арқасында біз ел болып еңселі түрде қалыптаса аламыз. Міне осыған дәлел «Қанды –қаңтар оқиғасы». Бұл арқылы біз тұтас халық болсақта, еліміз биік шыңға жетіп, қарқынды дамыса да, ел бірлігі болмаса мұның ешбірі болмайтынын айқын көрсетті.
Біз қазақ елі – осы уақытқа дейін биік шыңдарды бағындырдық. Ең алдымен Қазақстан егеменді ел болып қалыптасты. Содан соң, мемлекеттің басты атрибуттары рәміздеріміз бекітіліп, дүниежүзіндегі ұлттық мемлекеттерді мойындайтын алып ұйымның төріне көк байрағымыз тігіліп, Біріккен Ұлттар Ұйымының толыққанды мүшесі атандық. Тәуелсіз Қазақстан тұңғыш Конституциясын жариялады. Тұңғыш ата заңның негізінде 1994 жылы Наурыз айында алғаш рет заң шығарушы орган- Жоғарғы Кеңеске сайлау өткізілді. Қазақстанның қазіргі дамуының басты кепілі болып отырған Конституция қабылданды. 1997 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2030. Қазақстандықтардың өркендеуі әл-ауқаты мен қауіпсіздігін жақсарту» атты халыққа жолдауын арнады.10 қаңтарда Президент сайлауында қазақстандықтардың 79,78% дауысына ие болған Н.Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде қайта сайланды. Жетпіс жыл алып империяның құрамында жүріп, ұлт құндылықтарын сақтауда есесін жіберіп алған жас мемлекет жаңа ғасырды мәдениетті қолдаудан бастады. Билік механизмдерін жетілдіру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінде» Жарлық қабылдады.
...