Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз Қазақстан

Автор:   •  Октябрь 6, 2018  •  Эссе  •  452 Слов (2 Страниц)  •  4,219 Просмотры

Страница 1 из 2

                         Эссе  Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ол кісінің мынандай айтқаны бар:" Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады." Иә, расыменде болашақ ол жастардың, яғни біздің қолымызда. Сондықтан да мәңгілік ел болудың баспалдағы біздер.
"Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу" деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтып келе жатқанын білеміз. 
Тайдырмаған тағасын, жыртқызбаған жағасын рухы биік, намысы өр қазақ халқы ата-баба тарихын қашан да қастерлеп, құрметпен қараған. Осы дәстүр жалғасын тауып, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету біздің басты міндет.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. 
Қазақстан – ұлттық тәрбиесін -ұлт қазынасы деп білген, «кәсіп түбі - нәсіп» деп, ерен еңбек арқылы дамудың даңғыл жолына түскен, қазақстандық патриотизмді ту етіп, ынтымақ, бірлігін сақтай отырып, өрлігі мен ерлігі арқылы әлем мойындаған рухы биік азат ел! « Менің елім - Мәңгілік Ел».
Ширек ғасыр ішінде егеменді еліміз асқар асуларды бағындырып , толағай табыстарға жеткені, кемел болашағы үшін жоспарлы межелер құрылып, әлемнің алпауыт елдерімен қатарласып, ата-бабалар аңсаған тәуелсіздігін алып, ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНЕ айналғаны белгілі. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясы. «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. "Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені - төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету болғандықтан, біздің де қосар үлесіміз зор екеніне сенімдімін.
Қорытындылай келе болашақ жастарға айтарым Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (43.9 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club