Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің арманымдағы Қазақстан

Автор:   •  Ноябрь 30, 2022  •  Доклад  •  801 Слов (4 Страниц)  •  245 Просмотры

Страница 1 из 4

Менің арманымдағы Қазақстан

      ХХІ ғасырда бейбіт аспанның астында ғұмыр кешіп, дамыған заманда өмір сүріп жатқан қазіргі ұрпақтың бақытты екені айтпаса да белгілі. Отанымыз тыныш, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейқам кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Ендігі бізге қалғаны - қан мен тер қатар төгіліп келген егемендігімізді берік сақтап, әрі қарай мемлекетімізді өркендету, дамыған 50 елдің, 30 елдің қатарына қосу. Өзіміз армандаған мінсіз мемлекеттің әрқайсысымыз  бір – бірлеп кірпішін қаласақ, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығын жүзеге асыруға болады.

    Елдің рухы да, болашағы да, арқа сүйері де, күші де, бірлігі де ол – жастар. Олар белсенді әрі ізденімпаз, білімді, қажырлы болған сайын еліміздің келешегіне деген үміт те зор болады. Сондықтан, еліміздің жастарына лайықты деңгейде қолдау көрсетіліп, олардың өз ойлаған жобаларын жүзеге асыруына жағдай жасалса, елімізде көп нәрсе өзгерер еді. Қазіргі заманда жастар өз ойларын ашық жеткізіп, үлкен істерді де мойындарына алып, бастауға қорықпайды. Жеке кәсіп ашу, балаларды оқытатын мектеп ашу, шығармашылық тұрғыдан өз жобаларын жасау және тағы да басқа осы секілді талпыныстарын мемлекет құптап, қаржылай немесе білім тұрғысынан көмек көрсетер болса, олардың қолынан көптеген игі істер жасау келетініне кәміл сенемін. Ал билік басындағыларда ескіден қалған «бала, баланың  ісі – шала» деген түсінік әбден қалыптасып қалған. Осы ұғымды жойып, жастарға да сенім артып, мүмкіндік беру керек. Олар адамның жасына емес, талпынысы мен ерік – жігеріне, идеясына назар аударса екен.

    Еліміздің еш жерге ұқсамайтын ерекше, тұмса табиғатына қызықпайтын, таңырқап, таң қалмайтын адам кемде – кем. Алматы қаласы, Көкшетау, Ақтау, Маңғыстау қалаларының табиғаты нағыз туристтер шоғырланатын орталық екені белгілі. Егер осы өңірлерді қолға алып, демалыс орындарын жасайтын болса, шет елдік азаматтар болсын, өз отандастарымыз болсын өзге елге шықпай – ақ өз елінде демала беруші еді. Жыл сайын қаншама отандасымыз шетелге бірнеше рет саяхаттайды. Осының орнына өз елінде демалса, шетке кеткен қаражаттың бәрі өз елімізде қалушы еді. Ел экономикасын көтеруге біршама үлес қосылады әрі мемлекетіміздің өзге елдерге танымалдылығы арта түседі.  Менің арманымдағы Қазақстанды тамаша табиғаты, тіл үйірер астары, қонақжайлылығымен барша әлем таниды.

   Кез келген халықтың ең бірінші байлығы, асыл қазынасы, елдігінің, еркіндігінің белгісі тілі екені айдан анық. Біздің ана тіліміз - соншалықты көркем, соншалықты бай тіл. Бірақ осындай ана тіліміздің біз қаншалықты қадір – қасиетіне жете алып отырмыз? Менің арманымдағы Қазақстанда қазақ тілінің дәрежесі биік. Өзге елдердің алпауыт тілдерімен қатар тұрып бой түзеген. Әрбір қазақ баласы, тіпті қазақ жерін мекендеген әрбір ұлт біздің ана тілімізде шебер сөйлеп, ойын анық жеткізе алады. Бұл мекен еткен жеріне, суы мен асын ішкен еліне деген құрметі деп білер едім.

...

Скачать:   txt (10.2 Kb)   pdf (62.2 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club