Менің арманымдағы Қазақстан
Автор: Диера Анварова • Март 4, 2023 • Эссе • 253 Слов (2 Страниц) • 454 Просмотры
Менің арманымдағы Қазақстан
Қазақстан-бұл талай қиыншылықтардан өткен,талай қиын күндерді бастан кешірген, мықты, қайсар, егемен ел. Біздің егемендік алғанымызға басқа елдер сияқты көп болмаса да, үздіксіз, жедел дамуда. Бүкіл әлемге атымыз танылып жатыр. Эссенің мақсаты- Қазақстанның болашақта әрі қарай дамып, гүлденуі туралы жазу.
Қазіргі кезде мақтанып айтар жетістіктеріміздің бірі-Түркістан. Біздің Түркістан күллі түркі елінің астанасына айналды, рухани астанамыз болды. Себебі, бұл қалада әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар. Оның негізін жамағатхана, қабірхана, мешіт, үлкен және кіші Ақсарай, кітапхана, асхана, құдықхана ,хужра бөлмелері құрайды. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен тарихи нысан жылына көптеген туристерді тартып қызықтыруда. Осы жерге келуші туристердің саны күннен-күнге өсіп келе жатыр. Мысалы, 2021 жылы бұл қалаға келушілер саны 1,5 млн-нан астам болған. Бұл біздің инвестициямызды көтереді. Сондай-ақ туризм саласының дамуына үлес қосады.
Біздің кең байтақ жерімізде қазба байлықтың барлығы дерлік кездеседі. Бірақ бір өкініштісі ол қазба байлықтың барлығы игерілмейді.Себебі,ол байлықтарды игеру үшін арнайы мамандармен, арнайы техника жетіспейді. Мысалы, Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20–25 млрд. т деп бағаланады,бірақ елімізде 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған. Сондықтан да, жастар сол салаларды меңгеріп, сол бойынша тәжірибелерін жетілдірулері қажет. Бұл байлықтардың игерілуі елімізге жан-жақты өзінің пайдасын тигізеді, сонымен қатар еліміздің экономикалық жағдайы жақсы болар еді.
...