Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз Қазақстан

Автор:   •  Октябрь 26, 2022  •  Эссе  •  314 Слов (2 Страниц)  •  415 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Тәуелсіз Қазақстан

Жоспар:

Кіріспе:Зайырлы Қазақстан республикасы

Негізгі бөлім:  1.Мемлекеттік тіліміз

                          2.Тәуелсіз Қазақстанның болашағы

Қорытынды.

           Қазақстан барлығымыздың ортақ мемлекетіміз. Осы бір «қазақ» деген сөздің өзінде үлкен рух жатыр. Тіліміз бен дініміздің, бүгініміз бен ертеңіміздің куәсі болған мемлекетіміз -зайырлы Қазақстан республикасы. Мен үшін Қазақстан әрқашан бәрінен де қымбат болмақ. Себебі ол менің отаным, ол менің отбасым, ол менің болашағым.

     Мемлекетіміз тәуелсіз қазақ ұлты мен қазақ тілінен тұрады. Мұның өзі Қазақстан халқы үшін бақыт! Бүгінде тәелсіздік алып, бейбітшілікке қол жеткізгенімізге отыз жылдан асып отыр. Осы жыл ішінде Қазақстан мемлекеті көптеген жетістіктерге жетті, өзге елдермен қарым-қатынас орнатып даму үстінде болды. Ең бастысы біздің тәтті балалық шағымыз тәуелсіз елде, өз тіліміз бен дініміздің ортасында өтті. Мен өз еліммен мақтанамын. Біріншіден, туған тіліміздің мемлекеттік тіл болғаны үшін, екіншіден, қаншама тарихи қиындықтарды бастан кешіріп тәуелсіздігін сақтап келе жатқаны үшін, үшіншіден балалар мен жастар үшін, білім үшін барлық шаралардың жасалып жатқаны үшін. Тарихымыздан білетіндей еліміз жетпіс жыл бодандықта болып, тіліміз бен дінімізден айырылып, «қазақ» деген ұлттың жойылу қаупінің алдында болды. Десе де біздің алаш арыстарымыз, ұлтжанды азаматтарымыздың арқасында бүгінде біздей балалар бақытты ғұмыр кешуде. Кешегі аға-апайларымызда арман тек  қана бостандық болса, біздің арманымыз айқын, мақсатымыз берік болуы керек. Себебі біз туған жерінде тұрып, туған тілінде білім алып отырған ел ертеңіміз. Мен өз елімнің болашағына толық сенемін. Дамыған он елдер қатарына еніп, мәңгілік тәуелсіз, дербес болып қалса деген арманым бар. Ол арманды жүзеге асырушы біздер, бүгінгі оқушы-ертеңгі Қазақстанды жандандырушылармыз. Біз кешегі ақын-жазушыларымызды оқып, Әлия-Мәншүктей апаларымыздың батырлықтарын дәріптеп жүрсек, болашақ ұрпақ бізден үлгі алардай өмір сүру менің мақсатым. Себебі мен тәуелсіз Қазақстанның ұлтанымын.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (37 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club