Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз Қазақстанның өзiндiк даму жолы: тарих, күкык, бүгiнгi шындык және келешек

Автор:   •  Февраль 14, 2022  •  Статья  •  2,346 Слов (10 Страниц)  •  312 Просмотры

Страница 1 из 10

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗІНДІК ДАМУ ЖОЛЫ: ТАРИХ, ҚҰҚЫҚ, БҮГІНГІ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕК.

         

         Аңдатпа.Мақалада қарастырылады:Қазақстанның Тәуелсіздікке жетуі, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму жолы, жетістіктері. Қазақстан Республикасының тарихы жайлы айтылады. Тәуелсіздікке жетпеген жылдардағы Қазақстанның жағдайы. Қазақстанның сол кездегі мен қазіргі кездегі құқықтары. Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі   30 жыл ішіндегі орын алған мәселелер, әртүрлі саяси дамулары, өзгерістері, әр-түрлі елдермен экономикалық байланысы. Бұл ретте қазіргі Қазастанның мүмкіндіктері мен болашақтағы Қазақстанның мүмкіндіктері салыстырылып, қарастырылады.                              

        Түйін сөздер: Тәуелсіздік, Тәуелсіз Қазақстан,

       Тәуелсіздік- әрбір елдің тарихында ерекше орын алатын, бостандық пен дербес даму жолындағы ғасыр бойы жалғасқан күрестің нәтижесі. Ол барлық елдің ең басты байлығы болып табылады. Тәуелсіз болу- еркін өмір сүрумен, өз тарихын өзі жазумен, жер шарында қанатын кең жайып, биік ұшатын құспен тең. Әр елдің тәуелсіздікке жету жолы соғыспен тең болды. Әртүрлі халықтар революциялар, соғыстар, ұлт-азаттық соғыстар секілді жолдармен тәуелсіздікке қол жеткізеді. Азаттық үшін күрескен біздің елдің батырлары болашақ ұрпақтары еркін өмір сүрсін деген қағидамен қайғы – қасіретті көріп, өздерінің жандарын берген болатын.

       Бірінші президентіміз атап өткендей, тәуелсіздік бабалар арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қолжеткізген ұлы жеңіс.

       Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі басқаруға деген ұмтылысының бастауы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Биыл біз басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық аренада танымал, өркендеп, дамып келе жатқан мемлекетке айналды.

      ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «На пороге ХХІ века» кітабында жазғандай:

«Түркияға алғашқы сапары 1990 жылы Президент Тұрғыт Озалдың шақыруымен болды. Анкарада Кеңес Одағы әлі бар болса да, біздің делегацияны толық хаттамамен қарсы алды. Өйткені, біз 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдадық. Орталық аз да болса құзырынан бас тартқысы келмеді. Бірақ бұл құжатта КСРО басшылығының тілегіне қарамастан, біз республикамыздың шекарасының мызғымастығын, Қазақстан Конституциясы мен заңдарының үстемдігін, заңдардың және Одақтың жоғары органдарының басқа да актілерінің қолданылуын тоқтата тұру құқығын айқындадық. бұл біздің егемендеріміздің құқықтарын бұзады. Декларацияда Қазақстанның халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болып табылатыны, өз мүддесіне сай сыртқы саясатты дербес айқындайтыны, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасатыны, ұйымдарға қатысатыны белгіленген. Декларацияны дайындау және қабылдау қиын жағдайда өтті. Мәскеуде де, Қазақстанда да, оның ішінде Жоғарғы Кеңес депутаттарының арасында да егемендікке қарсылар жеткілікті болды. Талқылау бірнеше күнге созылды. Барлық кездесулер менің қатысуыммен өтті».

       1991 жыл, 16 желтоқсан. № 1008-Xii Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Шешімімен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Туралы" Конституциялық Кеңсес.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінің кіріспесінде Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қабылданған стандарттарының, азаматтық қоғам мен ереженің басымдылығын мойындайды. заң, бейбітшілікті сүйетін сыртқы саясат, қарусыздану үдерісіндегі қазақстандық ұстаным; Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды.

...

Скачать:   txt (30.5 Kb)   pdf (140.5 Kb)   docx (18.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club