Көлік техникасының сапасын қамтамасыз ету проблемалары, техника саласындағы мағынасы және орны
Автор: Aidyn Azhigaliev • Октябрь 16, 2024 • Реферат • 12,559 Слов (51 Страниц) • 31 Просмотры
«Көлік техникасының сенімділігі» пәнінен
дәріс тезистері
№1 Дәріс
Кіріспе. Көлік техникасының сапасын қамтамасыз ету проблемалары, техника саласындағы мағынасы және орны.
1. Жалпы түсінік .
2. Көлік техникасының қасиеті . Техникалық пайдалану.
3. Сенімділік түсініктері мен анықтамалары .
1. Жалпы түсінік .
Техникалық жүйелер сапасын қамтамасыз ету проблемалары кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде сенімділікті қамтамасыз етуді және нормалауды қамтиды. Сенімділік теориясы оларды зерделеуге арналған.
Техникалық жүйелер сенімділігіне арналған алғашқы мәнді зерттеулер өткен ғасырдың 50-ші жылдарының басында пайда болды. Бұл күн сайын күрделеніп келе жатқан қару жарақтың (ұшақтар, зымыран тасушылар, радиолокациялық жүйелер және т.б.). сенімділігін қамтамасыз етудің аса зор қажеттілігіне байланысты туындады. Сенімділіктің екінші бағыты өнеркәсіптің дамуымен, ағынды тізбектің пайда болуымен және күрделі әрі неғұрлым жетілдірілген машиналардың жасап шығарылуымен байланысты болды. Үшінші бағыт – әлеуметтік.
Жоғарыда атлғанның барлығы техникалық жүйелер сенімділігін зерделеу қажеттілігін туғызады. Дамыған елдердің ғалымдары мен мамандары осы проблема бойынша жұмыс істеп, оны әлі де жалғастыруда. Техникалық жүйелер сенімділігінің теориясы құрылып, бұл проблема бойынша оқу пәні пайда болды. Жоғары оқу орнының бітірушілері машиналар мен тетіктер сенімділігін қамтамасыз етудің теориясы және іс – тәжірибесі бойынша жеткілікті білімді меңгермесе, олардың заманауи кәсіпорындарда жұмыс істей алуы екіталай.
Автомобильдер көлігі казіргі кезде жаппай пайдаланатын көлік болып отыр. Ол жүк және жолаушы тасымалдау үшін орташа қашықтықтарда тиімді. Автомобиль көлігінің үнемді және тиімді жұмыс істеуі көп миллиондаған парктің техникалық жағдайына байланысты.
Қазіргі автомобиль 15-20 мың бөлшектен тұрады, оның ішінде 7-9 мыңы жұмыс кезінде бастапқы қасиеттерін жоғалтады, ал 3-4 мыңға жуық бөлшектері автомобильге қарағанда, істеу мерзімі әлдеқайда төмен, сондықтан пайдалану кезінде ерекше көңіл аударатын объект болып табылады. Оның ішінде 80-100 бөлшегі қозғалыстың қауіпсіздігіне әсерін тигізеді. Сенімділігі бойынша «критикалық» 200-400 бөлшегі жиі ауыстырылады, автомобильдің тұруын болдырады, еңбек және материалдық шығындар келтіреді.
Пайдалану процесінде автомобиль қоршаған ортамен өзара әсерлеседі, ал оның элементтері өзара байланысады. Осы байланыстар бөлшектердің жүктелуін, олардың өзара ығысуын, үйкелуін, қызуын, химиялық түрленуін және жұмыс процесі кезінде физикалық шамалары мен конструктивтік параметрлерінің (өлшемдерінің, өзара орналасуының, саңлауларының, электрлік және т.б. шамаларының) өзгеруін болдырады. Автомобильдің немесе агрегаттың техникалық жағдайы өзгеретін қасиеттерінің жиынтығымен анықталады, оларды конструктивтік параметрлердің ағымды мәндері: у1, у2, у3, ..., уn сипаттайды. Мысалы: қозғалтқыш үшін бұл цилиндр-поршен тобы мен кривошипті-шатунды механизм бөлшектерінің өлшемдері, тежегіш үшін – тежеу төсемдерінің, барабандарының өлшемдері мен олардың арасындағы саңлаулар.
Көптеген агрегаттар мен механизмдерде конструктивтік параметрлерді оларды біртіндеп немесе толық бөлшетемей өлшеу мүмкіндігі шектелген. Осы бұйымдар үшін техникалық жағдайын анықтағанда жанама шамалармен немесе диагностикалық параметр деп аталатын шамаларды қолданады, олар конструктивтік параметрлермен байланысқан және қажетті ақпаратты береді. Мысалы: қозғалтқыштың техникалық жағдайын оның қуатының, май шығындауының, цилиндрдегі компрессиясының, майдағы желіну үгінділерінің т.с.с. параметрлерінің өзгеруі арқылы анықтауға болады.
...