Сөздердің стилистикалық қызметіне байлаысты туған мағыалары
Автор: nazek_00 • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 3,685 Слов (15 Страниц) • 470 Просмотры
5 дәріс. «Сөздердің стилистикалық қызметіне байлаысты туған мағыалары. Қазақ тіліндегі омонимдер мен антоимдер. Омонимдердің анықтамасы. Көп мағыналы сөздердің омонимдерден ажырату принциптері. Омонимдердің жасалу жолдары»
1.2. Сөздің лексика-семантикалық топтары
Тілімізде сыртқы формасы бірдей, бірақ білдіретін ұғымы басқа-басқа сөздер де, керісінше, сыртқы формасы басқа-басқа болғанымен, білдіретін ұғымы бірдей сөздер де бар. Мағынасы қарама-қарсы сөздер өз алдына бір төбе. Тіл білімінде бұларды лексика-семантикалық белгілеріне, өзара қарым-қатынасына қарап топтастыру дәстүрі қалыптасқан. Әр топтың өзіне тән төмендегідей ерекшеліктері бар.
1.2.1. Омонимдер
1.2.1.1. Омонимдердің анықтамасы. Қазақ тілінде дыбысталуы бірдей, бірақ ұғымы басқа-басқа бір алуан сөздер ұшырасады. Мысалы, I. Ас. пісіру, даярлау; II. Ас. арту; III. Ас. артып, іліп қою; ІҮ. Ас. тамақ. Осы сияқты дыбысталуы бірдей, ұғымы басқа-басқа сөздерді омонимдер деп атайды.
Омоним түзетін сыңарлардың саны екеуден кем болмайды, үш сөзден, төрт сөзден, кейде одан да көп сөзден құрала береді. Екі сыңардан тұратын омонимдер: I. Жалын. Жанған оттың лапылы, ыстық қызуы; II. Жалын. Тіленіп-өтіну, жалынып-жалбарыну; I. Ұста. Шеберлікті кәсіп еткен, қолының өнері бар адам. II. Ұста. Айрылмау. Үш сыңардан тұратын омонимдер: I. Іш. Ішкі жақ, бір нәрсенің ішкі жағы; II. Іш. Адамның, хайуанның т.б. іші; III. Іш. Тамақ ішу. Төрт сыңардан тұратын омонимдер: I. Ау. Шалбардың, іш киімнің екі балағының түйіскен жері; II. Ау. Қисаю, ауытқу, көліктің қапталына я бауырына түсу; III. Ау. Балық аулайтын үлкен тор, сүзгі; IV. Ау. Дауыстау, шақыру, дыбыс беру кезінде айтылатын ишарат сөз.
Екі, үш, төрт сыңардан тұратын омонимдер тілімізде жиі кездеседі. Құрамындағы сыңарлар көбейген сайын омонимдер саны азаяды. Он үш ұғым беретін бір ғана сөз бар: I. Жай. Аспан кеңістігіне жиналған электр зарядтарының шағылысуынан пайда болатын жарқыл, найзағай; II. Жай. Тұрмыстағы хал-ахуал, жағдай, күй; III. Жай. Белгілі бір орын; мекен-тұрақ; IV. Жай. Таратып ыдырату, жазу; V. Жай. Қатардағы, қарапайым, жұпыны. VI. Жай. Жайлы, қолайлы. VII. Жай. Жайымен ғана, ақырын, баяу; VIII. Жай. Өзімен-өзі, жайбарақат, тыныш. IX. Жай. Ақы-пұлсыз, бос, төлеусіз, тегін; X. Жай. Әдеттегіден кеш, кейін, соң; XI. Жай. Әйтеуір, әншейін ғана; XII. Жай. Құр-бекер, тектен-тек, бостан-бос. XIII. Жай. Бір нәрсе жөнінде, хақында. Сонымен, дыбысталуы бірдей, ұғымы басқа-басқа сөздердің тобын омонимдік қатар деп атайды.
Омонимдер де, көп мағыналы сөздер де бірдей дыбысталады. Ұғымдарының немесе мағыналарының әр басқа болуы жағынан да ұқсас. Осы себепті шәкірттер мен студенттер омонимдерді көп мағыналы сөздер деп, көп мағыналы сөздерді омонимдер деп жиі қателеседі. Тіпті зерттеушілерге қиындық тудыратын сәттер де аз емес. Осы себепті көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ара жігін ажыратып алудың теориялық та, практикалық та маңызы аса зор.
Омонимдер бірдей дыбысталып айтылып, бірдей жазылғанмен, олардың әр сыңарының беретін ұғымы басқа-басқа болып келеді және сол ұғымдардың арасында ешқандай байланыс болмайды. Көп мағыналы сөздер бірдей дыбысталғанымен мағыналық байланысын, өзара сабақтастығын, жақындығын сақтап қалады. Бұлардың ара жігін белгілеуде омонимдердің туынды сөздер жасауға ұйтқы бола алатындығы да ескеріледі. Енді мысалдармен түсіндіріп көрелік.
...