Когнитивті лингвистиканы ЖОО-да оқыту әдістемесі
Автор: Қазақ Тілі Казахский Язык • Февраль 22, 2023 • Реферат • 1,042 Слов (5 Страниц) • 237 Просмотры
Когнитивті лингвистиканы ЖОО-да оқыту әдістемесі
Тірек сөздер: когниция, когнитивизм, оқыту әдістемесі, модульдік оқыту, танымдық белсенділік.
Білім беру жүйесі - мемлекеттің жарқын болашағына жол болатын, ғаламдық өркениетке жетудің баспалдақтарын салатын маңызы зор жүйе. Осыған орай мектепте болсын, жоғары оқу орындарында болсын олардың басты мақсаты жан жақты, өз ой пікірін еркін айта алатын, креативті, сапалы білімді, таным түсінігі мол және креативті ойлай алатын, рухани бай, белсенді азаматтар шығару.
ЖОО-да білім берудің тиімді бағыты студенттердің жеке басының белсенділігін арттыру, белсенді орта қалыптастыру, оқытушы қызметін жаңаша құруда белгілі бір әдістерге сүйену, білім мен тәжірибені ұштастыра оқыту, білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Оқытудың белсенді әдістерін пайдалану арқылы студенттің ізденімпаздығы, пәннің мазмұнын саналы түрде меңгеруі, теориялық та практикалық та білімі мен дағдысы қалыптасады. Болашақ маман тіл біліміндегі таным теориясын меңгеру арқылы білім беру барысында оқушының танымдық қабілеті мен білімін ескеруге дағдыланады. «Когнитивизмнің зерттеу нысаны адам ақыл-ойы, санасы және солармен байланысты менталды үдерістер. “Когнитивизм” термині аясында келесі мәселелер қарастырылады:
а) адамның “ойлау механизмін” зерттеу бағдарламалары;
ә) әр түрлі каналдар арқылы адам миына түсетін ақпараттарды өңдеу үдерістерін зерттеу;
б) әлемнің менталды моделінің құрылымы;
в) әр текті когнитивтік актілерді қамтамасыз ететін жүйелердің құрылысын;
г) табиғи тілде баяндалған ойларды адамның және компьютерлік бағдарламалардың қалыптастыруы мен түсінуі; мәтінді түсінуге және тудыруға қабілетті компьютерлік моделдердің жасалуы» [1,8]
Адамның ойлау жүйесі, қабылдауы, есте сақтауы, дамуы мәселелерін тіл арқылы зерттеу өте қызық. Бұл пән осы тұрғыда білім алуға мүмкіндік береді. Аталмыш пәнді толық меңгеру үшін студент арнайы оқулығына, когнитивті лингвистика саласы бойынша жазылған ғылыми еңбектерді талдап, анализ жасап оқулары қажет.
Б.Ә.Әмірова «Студенттерді оқыту – бұл олардың психикасына әсер ету және білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды қалыптастыруға бағытталатын мақсатты қызмет. Алайда соңғысы оқытудың нәтижесін білдірмейді. Оқыту барысында студенттердің дүниетанымдары кеңейеді, болашақ маманның тұлғасы дамып, қалыптаса түседі,» деп студентке маман ретінде қажетті сапаларды көрсетеді [2, 122].
Ғылыми диссертациялық жұмыс тақырыбына байланысты жоғары оқу орнының филология факультетінің 3-курс бакалавриатының студенттері мен 1-курс магистранттары арасында онлайн платформа арқылы “Когнитивті лингвистика” пәніне қатысты сауалнама жүргізілді. Барлығы 20 студент. Әуелгі сұрақ ретінде «Когнитивті лингвистика жайлы не білесіз, естігенсіз бе?» деген сұрақ қойылды. «Адам ойының тілмен байланысы қандай?» «Тіл білімінің қандай салаларын білесіз?», «Таным ұғымын қалай түсінесіз?» деген сияқты сұрақтар қойылды. Осы сауалнаманы толтырған студенттердің жауаптары талданды, нәтижесі мынадай:
1.Студенттердің таным ұғымын дұрыс, толық ұқпағанын байқаймыз.
2.Тіл білімінің басқа салаларын білгенмен, когнитивті лингвистиканы жеткілікті меңгермеген.
Ал оларға когниция, таным, сана мен тілдің байланысын, аталмыш пәнді меңгерту үшін, танымдық белсенділігін арттыру мақсатында “модульдік оқыту технологиясын” ұсынамыз.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде осы тақырып аясында коучинг өткізілді. Коучинг - кеңес бермейді, адамның өз сауалына жауапты өзі табуына көмектеседі, білім жолында жақсы нәтижеге жеткізуші құрал болып саналады. Коучинг қатысушылары - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлайтын бағдарламаның 1 курс магистранттары. Көпшілігі тіл білімінің дәл осы саласын меңгермеген, сана мен тілді лингвистикада да, әдебиетте де байланыстыра алмады. Өткізілген коучингтің танымдық - ақпараттық бағытына көп мән берілуінің арқасында когнитивизм, когнитивті тіл білімніне, концепт ұғымына қатысты мол ақпарат қабылдады. Интерактивті тақтада мысалдар көрсету арқылы, концепт ұғымын түсіндіру арқылы, талдау жасату арқылы сәтті шықты. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов шығармаларындағы концептілерді талдадық.
...