Химияны оқыту әдістемесі
Автор: nurik0001 • Декабрь 23, 2018 • Реферат • 1,004 Слов (5 Страниц) • 1,312 Просмотры
алмайды, өзіне өзі баға беруге, өзіндік шешім қабылдай алмайды, өзіндік қорытынды жасауда белсенділік танытпайды.
Оқушының тұлға ретінде дамуы оның мақсатты болжайтын субьекті мен шешім қабылдап, алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті жеке тұлға болғандығын көрсетеді. Дүниетану сабақтарында оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыруда мұғалімнің іс-әрекеті ізденімпаздықпен құрылып, оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін басқаруда әдістемелік нұсқау беру үшін, жаңа білімді меңгертуде оның мазмұнындағы негізгі ғылыми ұғымдар, қағидалар, ережелер, дәлелдемелер, шешімдер, теориялар мен сілтемелерді қолданады.
Жаңа білімді меңгерудегіі баланың іс-әрекеті қарым-қатынас, оқу, ойын, және еңбек болып табылады. Дүниетану сабақтарында оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру үшін әр бала «өзінің жоспарын» құрады.
Зерттеу тақырыбына сәйкес өздерінің білімдерін өзара және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындауда қолданады. Білім нәтижелерін салыстырып, ұқсастық тауып қана қоймай, олардың айырмашылықтарын табады. Алғашқы білім нәтижесін өзгертеді, анықтайды, өз жолын табады. Білім нәтижесінің дұрыстығын тұрақтандырады, оны дамытып толықтырады. Өзінің жеке тұлғалық танымдық ұстанымын қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп, қорытынды жасайды.
Дүниетану сабақтарында оқушылар оқу-танымдық әрекетке түсіп, онда қоршаған дүниедегі білімді меңгереді, өзіндік білім нәтижесін көрсетіп, өзін-өзі тануды қалыптастырудағы дербестігі ізденімпаздық әрекетке ұлғасады. Зерттеушілік іс-әрекет нәтижесін қамтамасыз ететін ізденімпаздық қасиеттерге бейнелік, ынталылық, өзіндік қайталанбайтын ерекшелік таным нысанымен қарым-қатынастағы нәтиже, зейінінің тұрақтылығы, логикалық ойлауы, сезінуі, қимыл дербестігі, болжам жасауы жатады. Зерттеушілік іс-әрекеті қалыптасқан тұлға үлгісі бүгінгі бастауыш мектептің алдына қойып отырған міндеттерге сәйкес жасалынады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру негізінде баланың логикалық ойлауы шыңдалып, қабілеті дамып, қиялы жетіліп, өзін-өзі басқарып,ұйымдастыратын, өзінің қызығушылығы маен қажеттіліген ізденімпаздықпен жоспарлап, оны іске асыруы мен жаңа нәтижені дәлелдеуі мүмкіндік туады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың зерттеушілікіс-әрекетті тұлға қалыптастыру қажеттілігі туындап отырғандықтан, бастауыш мектептерде білім беру салаларын, мазмұнын, әдістерін, принциптерін айқындайтын, педагогикалық үдерісті баланың ішкі қажеттілігінен, рухани мүддесімен үйлесімділікте жүзеге асырылады.
Дүниетану сабақтарының басты ерекшеліктерінің бірі нақты заттарды, құбылыстарды танып білу, солар бойынша жұмыс істеу, заңдылықтарды түсіну үшін табиғат құбылыстарын бақылауға мүмкіндік туғызу, оқушылардың шығармашылық әрекеттерінің қалыптасуына керекті жағдай жасау. Осының нәтижесінде оқушының дербес танымдық қызметін жүзеге асырып, білім беруді
48
ізгілендіруге , сабақ барысында оқушының шығармашылық әрекетін дамытуға баса көңіл бөлу. Сондықтан да дүниетану сабақтарында мұғалімнің басшылығымен ұйымдастырылып, оқушылардың өзіндік атқаратын жұмыстары басым болады. Зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан келетін болсақ, оқушының шығармашылық әрекетін дамытуын қамьамасыз ететін зерттеушілік іс-әрекетке құрылған тапсырмаларды құру, оны орындату барысындағы беретін бағытының нақты болуы қажет. Сонда ғана оқушылар зерттеушілік іс-әрекетке құрылған тапсырмаларды орындауда нәтижеге жететіні белгілі.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру адамның қоршаған ортадағы орнын таныту. Дүниетану сабақтарында мына мәселелер ескеруі қажет.
- дүниетану пәнінің дидактикалық негізі барлық пәнде бір тұтастықты байқатқанымен аталған пәннің білім беру формасында өзгеше ерекшелік болатыны көрсету;
-оқушылардың білімді нақты бейнелі қабылдап, абстракты ойға көшуіне жағдай жасайтындай болуын қарастыру;
-қоршаған дүниеден білім беру түрлері оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, біліктілігін, іс-әрекеттерін қалыптастыруға жетелейтіндей болуын;
-оқушылардың ізденуіне,өзіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей болуын;
-оқушының міндеті базалық білімді меңгеруіне, алған білімін кез келген жағдаяттарда қолдана алу жағын қамтамасыз етуді ескеру.
Біздің болжамымыз бойынша, мұндай өзара әрекеттесу субьектілердің бірлескен, бірін-бірі толықтыратын іс-әрекеттер ретінде құрылуы керек. Бастауыш сыныптарда дүниетану сабақтарында іс-тәжірибелермен танысу және ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастырудың төмендегідей ерекшеліктері айқындалды.
-бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін дүниетану сабағында қалыптастыру оқу мақсатына сәйкес таңдалып, олардың ақыл-ойын дамытып, оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыруға негіз болуы;
-оқушыларға оқу-танымдық материалын меңгертудегі олардың іс-әрекетінде қоғам, табиғат бөлімдермен таныстыру барысындағы зерттеушілік іс-әрекеті шығармашылық мақсатында жүзеге асады;
-дидактикалық мақсатты зерттеушілік іс-әрекеттің мақсатына айналдыратын жарыс элементтерін енгізуге мүмкіндік туғызылады;
-оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті мен қызығушылығын арттыру мақсатында дүниетану пәнінің мазмұнын іске асыру барысында олардың зерттеушілік іс-әрекеті қалыптасады.
-зерттеушілік іс-әрекет барысында оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетіне көше отырып, жаңа материалды қоршаған ортамен байланысты меңгереді;
-оқушы белсенділігін және олардың зерттеушілік іс-әрекетін қоршаған ортамен таныстыру кезіндегі оқу-танымдық іс-әрекетінде тиімді пайдалануға болады;
-дидактикалық мақсатты шешуге арналған оқу-танымдық іс-әрекетінде қоршаған
49
...