Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зейнолла Қабдолов шығармашылық жолы. «Ұшқын» романы

Автор:   •  Сентябрь 23, 2021  •  Лекция  •  1,119 Слов (5 Страниц)  •  1,037 Просмотры

Страница 1 из 5

А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп                                                    

Ашық сабақ

Тақырыбы: Зейнолла Қабдолов шығармашылық жолы. «Ұшқын» романы.

         

       

Пәні:қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шулгаубаева М. С.

                                              Қысқа мерзімді жоспар

Пәні:қазақ  әдебиеті

Тақырып: Зейнолла Қабдолов шығармашылық жолы. «Ұшқын» романы

Күні:  26.02.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні:  Шулгаубаева М. С.

Сынып:  11 Б

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты:

  Зейнолла Қабдоловтың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармашылығына шолу жасау. «Ұшқын» романының идеялық мазмұнын түсіндіру. Кейіпкерлердің образын ашу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Автор туралы біледі, түсінеді; негізгі және қосымша ақпарат арқылы шығармашылығына шолу жасайды. Романның негізгі тақырыбы мен идеясын анықтайды. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, өзіндік ой-пікірін білдіреді. Көркемдігіне қарай талдау жасайды.

Оқушылардың  көпшілігі орындай алады: Тақырыпты түсінеді, шығармадағы негізгі ойды анықтайды, кейіпкер бейнесіне талдау жасайды. Көркемдігіне қарай талдау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Жазушының шығармашылығын  түсініп, шығармаларын  талдап,өзіндік  пікір білдіреді. Шығарманың сюжеттік желісін анықтайды, қанатты сөздердің мән-мағынасын аша алады. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, өзіндік ой-пікірін білдіреді. Көркемдегіш құралдарды табады.

Критерий

1.Шығарма  мазмұнын  түсінеді

2.Үзінділерге қатысты өзіндік көзқарас білдіреді

3.Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады

4.Өз ойын жеткізуде нақты дәлелдер ұсынады

5.Көркем шығарманың стильін ажыратады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Шығарма кейіпкерлеріне өздерінің әлеуметттік ортасы мен байланысына сай мінездеме беруді үйренеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Пәнге қатысты сөздіктер мен терминдер:Ембі,бригада, комсорг, геолог, кафедра, студент, каротраж

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:менің ойымша, шығарма кейіпкерлерінің мінезі..., мен ... ойлаймын т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар

Зейнолла Қабдоловтың дарынды тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізген кім?

Құндылықтар

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Алдыңғы оқу

Қалтай Мұхаммеджанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(8 мин)

Сабақтың ортасы

(25 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу,  түгендеу, үй тапсырмасын  пысықтау.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 «Жақсы сөз-жарым ырыс» жақсы тілектер айту арқылы сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөлу.

Үй тапсырмасы. Зымыран сұрақтар.

1.Қ.Мұхамеджанов кім?

2.Кімнен қандай шығармалар аударды?

3.Қандай марапаттары бар?

4.Қаламалды туындысы қалай аталады? Қай жылы жазған?

5. Драмалық шығармаларын ата.

6.«Көктөбедегі кездесу» пьесасының кейіпкерлерін ата.

7.Пьесаның көтерген тақырыбы қандай?

8.Пьесаны кіммен бірігіп жазған?

9. Қандай қызметтер атқарды?

10.Драмашы шығармаларында астарлы әзіл,юмор қандай қызмет атқарады?

11.«Көктөбедегі кездесуде» кейіпкерлерге уақыт,заман қалай әсер еткен?

12.Пьесада қандай мәселелер айқындалған?

Қызығушылықты ояту.

 [pic 1][pic 2][pic 3]

-Бейнеролик көрсету

Оқушылар өз ой-пікірлерін білдіреді.

    Мұғалім сөзі: 

Топтық жұмыс

1-тапсырма

-Постерді қорғау

I топ. З.Қабдоловтың өмірбаяны

II топ. З.Қабдоловтың шығармашылық жолы

III топ. Ұшқын романының композициялық құрылымы

IV топ. Кейіпкерлер бейнесін талдау

2-тапсырма

Шығарма үзінділерімен жұмыс.

     1.Бұл өңірде тамыз туысымен көп ұзамай күз белгісі көріне бастайды: бидайық дәнін төгеді, жусан бүрінен айырылады, бұйырғынның да бояуы оңады – алабота тәрізді әнтек сарғыш тартып, аласара береді. Маусым мен шілде бойы күн күйдіріп, жел жұлқылап әбден ажарын алған құла жондар мен құба белдер тамызда үнсіз бүк түсіп, бей-жай, дел-сал сұлап жатады. Жаз бойы жадырап, жамырап жатқан адам-қаралар жаңа қонысқа жылжып қонған соң, көп қоңырлықтар мен кең қоқтылар да қаңырап бос қалып, құлази бастайды.

Тапсырма.Табиғат көрінісін суреттеу.

   2.Тайман «Абай» романын сүйіп оқыған. Сонда Бөжейдің өлімі, Бөжейдің асы суреттелетін жерлер бұған бір битаныс дүниедей қызық көрінетін. Мынау үй ішіндегі құбылыстардың кей жері кейде соған ұқсап кететін сияқты. Мұнысы кейде өзіне түс-қиялдай, сол романдағы жағдайды бұл өз басынан ойша кешіріп жатқандай көрінеді де, енді бірде дір етіп шошып, осы көріністердің бәрінен түңіліп кетеді. Өзінің шағын семьясы, шапағатты ұясы ойда жоқта осынша қара жамылғанына көндіге алмай, жаны түршігеді.

Тапсырма.Салт-дәстүр көрінісі

    3. -Ойбай, қанатым, зәрем кеткені бар емес пе! Бері жүр, ана жерде үзілген сым жатыр,-деп, Дәурен үй іргесінен алты-жеті метрдей жерді нұсқады . Үстіндегі кенеп плащы малмаңдай су, баласын қолынан тас қып ұстап ап, жетектей береді.

  Осы кезде бұлардың алдынан моторын зіркілдетіп, жөндеу тетіктерін  тиеген жүк машинасы өтті де, әлгі Дәурен нұсқаған жерге барып тоқтады.

Тапсырма.Тіл тазалығы.

   4. -Бұл қалай болар екен? Менің өмірімде конфликт жоқ қой, - деп  әрі жалтарып, әрі күдіктене беріп едім. Саша мені тыйып тастап, анаған:

    -Сілтей бер! Әдебиетте стандарт жоқ: конфликт дегеннің өзі, сайып келгенде, адамды көрсету үшін керек. Алғашқы адамың ғой, бұл жолы бірнеше адамды, сол арқылы өмірдің ұшқынын көрсете алсаң жарар. Ал, есіңде болсын, екінші шығармаңнан өмірдің отын да, жалынын да түгел талап етеміз? – деді.

    Қызық емес пе, Нәдия? Бұған сен қалай қарайсың, тез хат жазшы!

    Ал, қош, сүйіктім, көріскенше күн жақсы болатын.

Тапсырма.Әдебиет теориясы.

3-тапсырма

«Эмоция» кестесі.

Дескриптор:

  • Жазушы өмірі мен шығармашылығын біледі.
  • Шығарма мазмұнын түсінеді.
  • Көркемдегіш құралдарды табады.
  • Жанрлық стильін ажыратады.
  • Синтаксистік нормаларын сақтайды.

кесте

А3 қағазы

маркер

Зейнолла Қабдолов таңдамалы шығармалары

сурет

«Ұшқын» романы

плакат

стикер

көркем әдебиет

Сабақтың соңы

(7мин)

Сабақты қорытындылау:Еркін жазу. Ойтолғау жазу

[pic 4]

Қосымша        ақпарат  Тілдік мәдениет

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс.

 Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу                           міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай                    деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?                                                (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс                   енгіздім  және неге?

                                                                                                                               Тексерілді:                       Изетова Х Б

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (608.3 Kb)   docx (527.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club