Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы

Автор:   •  Декабрь 15, 2020  •  Контрольная работа  •  2,634 Слов (11 Страниц)  •  1,194 Просмотры

Страница 1 из 11

Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық өмір жолы

Ілиястың шыққан ортасы, алғашқы әдеби танымының бастаулары мен эстетикалық негіздері.Шығармашылық өсу жолы мен қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлігі. Ілияс және қазақ әдебиеті. «Аз өмірі мен шығармашылық жолының қысқа кезеңінде-ақ қазақ халқының рухани алтын қорына қосылған төл шедеврлерін дүниеге әкелген» (М. Әуезов) Ілияс Жансүгіровтің өмірі, білім алуы, қоғамдық және мемлекеттік қызметтері, шығармашылық жолын өлең жазудан бастауы, алғашқы ақындық ізденістері, эволюциялық өсу жолдары.

Қаламгердің әдебиеттің барлық жанрына қалам тартып, талант қырларының жарқырап көрінуі. Поэзия саласындағы елеулі жетістігі. Өз туындыларымен қатар ауыз әдебиеті үлгілері мен балаларға арналған туындыларды жинастырып, жинақ ретінде құрастырып, шығаруы. Қазақ, орыс тілінде 40-қа жуық кітабының жарық көруі.Көзі тірісінде жарияланған кітаптары: «Сағанақ» (1928), «Жаңа жыр» (1930), Шығармалар жинағы. 2 томдық (1933), «Құқ» (1935), «Жол аузында» Әңгімелер жинағы. (1935), «Күй» Өлеңдері мен поэмалары. (1935), «Жолдастар» (1935) және т.б.Заман талабынан балаларға арнап шығарған жинақтарының маңыздылығы. «Балаларға тарту» (1928), «Шәркей» (1929), «Малта» (1929ж.) және т.б.Шығармаларының орыс тіліне аударылуы. «Степь» (1932), «Кенес». (1935), «Кюйши» (1935), В пути (1936), «Қазақстан» (Қазақ және орыс тiлдерiнде,1936).

Ілиястың тарихи көзқарасы. Қазақтың өткен өмірінің шынайы болмысы, Кенесары көтерiлiсi, Жетiсу, Балқаш, Жаркент өңiрiн орыс елiнiң жаулап алуы, сол тұстағы ел өмiрi жайлы тарихи деректер негізінде жазылған «1916 жылғы көтеріліс материалдары». (Ұлттық мәдениет институты.1934ж.) еңбегі. «Жетісу өлкесін орыс алуы», «Ұзынағаш соғысы», «Жаркент оязында», «1916 жыл деректері», «Жетісудағы қазақ-қырғыздың көтерілісін басуға өкімет тарапынан қылынған қамдар», «1916 жылғы оқиғада менің көргендерім» атты таруларындағы тарих іздері. Кеңес өкiметiнiң саясатына қиғаш келгендіктен социалистiк цензураға ілініп, кезінде жарық көре алмауы.

2-тақырып. Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері.

Саяси-әлеуметтік лирикалары: «Не күйде?», «Ел шетінде, жау бетінде», «Жас жалшыға», «Оқимын», «Заман» және т.б.

Сын-сықақ өлеңдері: «Тапанша», «Елге шыққанда...ов не айтады?», «Бейсенбек болыс», «Ала бие», «Боранбай не ойлап оқып жүр», «Ықшылбай», «Саудагер тамашасы»,«Ит-ай», «Жарқынбай, Беркінбай», «Шал мен келіні», «Ақын мен Мақым», «Некешілдер», «Өк, көк өгіз», «Өлген молданың өсиеті» және т.б.

Ақын өлеңдерінің өнер тақырыбына арналуы: «Әнші апама», «Әншіге», «Жанды сөз», «Бұлбұлға», «Тұңғыш тоғысу», «Домбыра» (1929), «Домбыра» (1930), «Домбыра» (1936), «Күйге», «Күй»т.б.

Жастарға арналған өлеңдері: «Сәлемдеме», «Замандасқа», «Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны» және т.б.

Социалистік құрылысты жырлаған өлеңдері: «Баспаханада қыр қазағы», «Кедей тойы», «Ұлы күн», «Қырман», «Октябрь күні», «Орақ науқаны», «Ұштасқан үш тілек», «Отарба», «Бүгінгі дала», «Алтын қазан», т.б.«Мәскеу - Қазақстан», «Кавказ», «Ресей жері», т.б. өлеңдері арқылы басқа ұлт өкілдерін татулыққа, достыққа, ауызбірлікке үндеуі. Күншығыс халықтарының саясиәлеуметтік санасының оянуын суреттейтін «Гималай» өлеңін жазуы.

Махаббат лирикалары: «Игілік», «Қосылыс», «П-ға», «Апырым-ай, жан қысылды-ау», «жетерміз бе тілекке», «Сүйгендіктен мен сені», «Бақыттымын», «Сүйегімді босатқан...».

Көңіл-күй лирикалары: «Арман», «Көңілдің жүгірісі», «Бір соқыр баланың арманы»,«Жүдеу жүрек», «Ұмытсын көңілім ұмытсын» ,т.б.

Философиялық өлеңдері: «Маңым», «Шым-шытырық», «Жаңылғаным»,

«Талғамалар», «Алыс-беріс», «Ғұрыптар», «Бөлек-салақ ойдан», «Сұрау», «Толғау».

Этнографиялық өлеңдері: «Қазақ үйдің тұрмысы», «Ескі күн», «Беташар», «Сабын», «Саптыаяқ», «Көші-қон», «Бөбек бөлеу», «Ұршық» және т.б.

...

Скачать:   txt (42.5 Kb)   pdf (138.2 Kb)   docx (22 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club