Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақселеу Сейдімбектің кейбір шығармаларына тілдік талдау

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Курсовая работа  •  6,824 Слов (28 Страниц)  •  1,667 Просмотры

Страница 1 из 28

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І Шоқтығы биік Ақселеу

  1. А.Сейдімбектің шығармашылық ғұмырбаяны
  2. Ғалым – зерттеуші Ақселеу

ІІ Ақселеу Сейдімбектің кейбір шығармаларына тілдік талдау

  1. Жазушы тілінің көркемдігі

2.2Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы баяндау түрлерінің тілдік құрылымы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Курстық жұмыстың кіріспесінде курстық  жұмыс тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні анықталды, құрылған жоспарға сәйкес жұмыстың қысқаша мазмұны баяндалып, зерттеудің  теориялық  және практикалық  маңызы, зерттеу материалы мен әдіс-тәсілдері сипатталды.

Тіл – кез келген танымдық әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі. Жазушының өмірге көзқарасы,  идеясы, болмысы оның тілі арқылы танылады. Сондықтан да жазушы не қаламгер тілін зерттеу маңызды. Казақ әдебиетінде шоқтығы биік тұлға, ол – Ақселеу Сейдімбек.

Алаштың Ақселеуі атанған қазақтың арда азаматы жылы Арқа төсінің төрінен орын алған, сары даласында сағымы ойнаған, «арғымағы көсіліп шапқан аңыз дала» – Жаңаарқа топырағында дүниеге келген. Осы бір киелі топырақтан самғап ұшқан селеулі даланың перзенті елінің арқа тұтар азаматы болып өседі.

А.Сейдімбек шығармашылығының арғы түп төркініне үңілгенде ондағы ауыз әдебиетінен тамыр тартатын түрлі-түрлі дәстүрлер нышандарының бой көрсететіні анық байқалады. Ауылдың қазыналы қарттарының шежіре-тарихқа тұнған әңгімелеріне жастайынан қанық болып өскен жазушы-ғалым шығармашылығының бастау бұлағы, қайнар көзі осы халықтың ауыз әдебиетінде жатыр. «Ел өмірін терең зерттеп өскен, алыс ауылдарда малшы, аңшылар ортасында көп болған жас таланттың көргендерін қадағалап, зердесіне түюі, сол арқылы адам мен оны қоршаған ортаның, дала табиғатының сырын ойшылдықпен, сезімталдықпен пайымдауы оны әдебиет әлеміне алып келген-ді» [3, 5], - дейді С.Қирабаев. Расында да, сол кезеңде көшпелі өмір салтының жұрнағы әлі де болса сақталған ауылда өткізген күндері оның шығармашылық жолына үлкен әсер етті.

А.Сейдімбектің очерктері арқылы оның өмірдің қай саласында да қалам тербесе көтерген мәселенің салмағын жете ұғынып, шындықты боямасыз әрі көркем етіп беретін публицист екеніне көз жеткізе аламыз.              

Ақселеу Сейдімбектің шебер әңгімеші екендігін білеміз. Ол өз әңгімелерінде қазақтың осы әңгімешілдік дәстүрін де ұтымды пайдалана білген. Көптеген әңгімелерін қазақтың әңгімешілдік дәстүрінің қаймағын бұзбай сақтаған ауыл қарттарының әңгімелері арқылы бастап, оқиғаны солардың аузымен айтқызып отыруы арқылы оқырманды өзіне бірден баурап әкетеді. Мысалы, «Аңшы өтірік айтпайды» әңгімесінде аңшы қарт Жәкеңнің аңшылық қырымен қатар, әңгімешілдік қасиетін де көре аламыз.

Жазушының дала өмірін, ел ішіндегі әрқилы әңгімелер мен аңыздарды жетік білетіндігіне оның әңгімелерін оқи отырып көз жеткіземіз. Оның әңгіме, повестері – көркемдік шеберлікпен жазылған туындылар. Ол көркем туындылары арқылы жазушылық қолтаңбасын қалдырып, әдебиет әлемінде өзіндік ізін салып кетті

Курстық жұмыстың мақсаты: Ақселеу Сейдімбек өміріне терең бойлау. Қаламгер шығармаларын тілдік тұрғыдан талдау. Жазушы шығармаларынан автор бейнесінің тілдік көрінісін ашу. Және осы мақсаттарға жету барысында келесі міндеттер орындалады:

  • Қаламгер шығармаларын әдеби тұрғыдан талдау;
  • Ақселеу шығармаларындағы авторлық баяндауды айқындау
  • Ақселеу тілінің көркемдігін айқындау;

Ақселеу қазақ әдебиетіне мол үлес қосты. Қаламгердің шығармаларын талдау, және оның өмірбаянына үңілу үлкен ізденіс пен мол еңбекті талап етеді.

Курстық жұмыстың І бөлімі  «Шоқтығы биік Ақселеу» деп аталады. Бөлімде Ақселеу, өмірбаяны, және ғалымның шығармашылығы сарапталады.

ІІ бөлімі «Ақселеу Сейдімбектің кейбір шығармаларына тілдік талдау» деп аталады. Және қаламгер шығармаларына сараптау жұмысы жасалады.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерінен тұрады.

...

Скачать:   txt (98.1 Kb)   pdf (318.8 Kb)   docx (46.9 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club