Абай шығармаларының этнопедагогикалық мәні
Автор: ayaganovasandu • Март 11, 2022 • Реферат • 1,316 Слов (6 Страниц) • 486 Просмотры
Халықаралық Тараз инновациялық институты
Педагогика факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Абай шығармаларының этнопедагогикалық мәні
Орындаған: Бегасыл Жанерке
Тексерген: Абаева Арай
Тараз-2021ж
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1.Абайдың педагогикалық көзқарасы .
2. Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Этнопедагогика- белгілі бір ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.Ол -халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлер жинағы және ұлттық тәлім- тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.Қазақ этнопедагогикасының құрылымы.Оның негізі-қазақтың халық педагогикасы.Ауыз әдебиеті мұрасы мен халықтың салт-дәстүрлері , ұлттық педагогикалық ойлар тарихы- этнопедагогиканың көрінісі.Этносгректің етнос-тайпа, халық деген сөзі.Ғылымда этнос сөзінің қолданылуы.
Этнопедагогика пәні қазіргі уақытта барлық мамандықтарға міндетті өткізілетін пән. Себебі этнопедагогика пәні адамзат мәдениетінің ерекше саласы ретінде қоғамдағы әлеуметік - мәдени тұтастықты жасап, бүкіл адамзаттың ақыл-ойын жинақтаушы ғылым.
Этнопедагогика пәнін оқыту арқылы Қазақстан Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзыреттеліктерін қалыптастыру. Бұл курстын мақсаты болашақ мұғалімдерді жан-жақты педагогикалық білімге сәйкес халықтық педагогикалық дәстүрлерді сақтау, қайта жаңғырту, нығайту, жұмысына теориялық дайындау, алған білімді тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеріміз анық. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді. Абайдың тұлғасы саналы да өрісі кең ұрпақты тәрбиелейді. Кемел ой мен сыр тоғысқан, сұлу сезім мен мұңлы шер шарпысқан көріті де көркем жырдың шебері Абай шығармалары халқымыздың мол қазынасына айналды. Ұлт ұстазының аманатын сақтап, терең талдау жасап, оны кеңінен насихаттау баршамыздың борышымыз.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы ой толғатқан, ақын өлеңдерінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығына тәнті болған Ахмет Байтұрсынов: «Одан асқан бұрынғысоңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген түйінді тұжырымы ақын даналығының нақты көрінісі екендігі анық. Абай есімі, Абай мұрасы, Абайдың өмір жолы мен өнегесі әр қазақ үшін қадірлі, қасиетті. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» деп, халқының қамын қара басының қадірінен жоғары қойып өткен ақынға деген ықылас зор, құрметіміз де шексіз.
1.Абайдың педагогикалық көзқарасы
Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
...