Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түрлі жанрдағы шығармаларға тақырыптық – идеялық,образдық талдау жасау

Автор:   •  Апрель 11, 2023  •  Творческая работа  •  2,614 Слов (11 Страниц)  •  213 Просмотры

Страница 1 из 11

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                    [pic 1]

                                       ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

СОӨЖ

Тақырыбы:Түрлі жанрдағы шығармаларға тақырыптық – идеялық,образдық талдау жасау

Орындаған: Нусупахмет Айтолқын

Тексерген: Асқарова Г.

Тобы:105 ҚБ

Жоспар:

  • Жанр дегеніміз не?Жанр ұғымына түсінік
  • Эпикалық талдау – “Атау-кере”
  • Драмалық талдау – “Тойдан қайтқан қазақтар” комедиялық драмасы
  • Лирикалық талдау – “Қалың елім,қазағым,қайран жұртым”

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • Жанр дегеніміз не?Жанр ұғымына түсінік

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсeтеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика жәнe драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты бeлгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагeдия мен новелла жатады. Keз келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

  • Эпос

Эпос – жан-жақты жанр: эпикалық  шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан, айқын көрсетіледі.

Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын көлемді эпикалық түр; орта көлемді эпикалық түр; кең көлемді эпикалық түр.

  • Драма

Әдебиеттің ең қиын жанры – драма. Драма — әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр – «әдебиеттің ең қиын түрі». Драматургия мәселесін қозғағандар оның қиындығын айтады.Себебі драма өзге жанрлардай емес, онда шарттылық көп. Алдымен, драматургиялық шығармаларға көлемі жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болсын, бәрібір, жетпіс-секесен беттен аспауы шарт. Ал бұдан екі жарым мың жыл бұрын Эллада жерінде туған трагедия Дионис театрында ұзақ ойналған; гректерден Римге ауысқан комедияларды да жұрт ұзақ уақыт тамашалайтын болған; ал орта ғасырда Батыс Европа елдеріне кең тараған шіркеу драмалары тәулігіне сегіз сағаттан ойналып, кем дегенде үш күнге, тіпті, он, жиырма, отыз, қырық күнге дейін созылатын болған. Бірақ мұның бәрінің себебі бар және мұның бәрі – тарих.Бүгінде екі жарым, үш сағаттан аса жүретін пьесаны жұрт онша құмартып қарамайды. Сондықтан ең көп перделі пьесалардың көлемі де белгілі мөлшерден аспайды; драматург барлық шындық пен образды сол белгіленген мөлшерге қалай да сыйғызуға тиіс. Бұл – бір қиындық.Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек диалог пен монологқа негізделген. Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана; автор сахна сыртында, залда қалады. Автор үнсіз, тілсіз; қай сөзді қалай айту керек екенін режиссер мен актерлерге жақшада жай көрсеткені болмаса, дәл спектакль үстінде автор дәрменсіз, әр қаһарманның не айтып қойғанын немесе неге олай дегенін түсіндіріп, залда отырған әр көрерменнің құлағына сыбырлап жүру автор қолынан тағы келмейді. Демек, драмадағы, ең басты, ең шешуші, ең негізгі нәрсе – тіл.Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде; пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жерге дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс. Драма тілі тұжырымды, қысқа түйінді болады. Міне, осындай шығарманың тек қана кейіпкер сөзіне құрылуы – драматургиядағы екінші қиындық.Үшіншіден, драма деген терминнің мағынасы қимыл екені тегін емес, қимыл-әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма жоқ. Қаһарман сахнаға шықты ма, болды, дереу іске, әрекетке көшуі қажет. Үнсіз-қимылсыз үш сағат түгіл үш минут отыра алмайды. Сырғып перде ашылды ма, болды сахнада бірін-бірі ауыстырған суреттер, эпизодтар, оқиғалар тұтасып, дами бастауы шарт және ешбір эпизод тек қана қажеттіліктен туған қалаулы, қастерлі құбылыс болуы керек. Көрерменнің сана-сезімін бірнеше сағат баурап, көзін сахнаға қадалтар әрекет табу, оның жан-дүниесін тебіреніске түсірер қақтығыс табу – қиынның қиыны. Сөйтіп драмаға шымыр шиеленіс, шиыршық атқан тартыс табу, яки драманы драматизмге жеткізу – үшінші қиындық.Төртіншіден, драмадағы шындық көркемдік шешімін тек сахнада табады, драмадағы образ тек сахнада жасалады. «Драма сахнада ғана тіршілік етеді,-дейді Гоголь,-сахнасыз драма – денесіз дем». Пьесаны драматургтың жазып бітіруі, жаурналда жариялауы, тіпті, кітап қып бастырып шығаруы – жеткіліксіз. Істі түгел тындыру үшін пьеса театрға көшуі керек. Пьесаны сахнаға шығару жолында енді режиссердің, актерлардың, суретшінің, композитордың, түрлі саладағы (жарық түсірушіден етік тігушіге дейінгі) жұмысшылардың – бәрінің еңбегі жұмасалады. Бұл – төртінші қиындық.Драмадағы ең шешуші нәрсе – тартыс. Драматургия үшін орасан қажет нәрсе – тәсіл. Мұның түрлері тіпті көп: тартысқа адамдарды еселеп кіргізу тәсілінен зат тәсіліне дейін ондаған типін тізіп көрсетуге болдаы. Бірақ, бұларда да сахна жоқ, әр драматургтың өз тәсілдері бар, сондықтан әр тәсілді жеке-жеке мінездеу артық.

...

Скачать:   txt (36.7 Kb)   pdf (292.4 Kb)   docx (355.4 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club