Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә.Кекілбаев шығармаларының тілдік-көркемдік ерекшелігі

Автор:   •  Март 17, 2025  •  Реферат  •  5,765 Слов (24 Страниц)  •  19 Просмотры

Страница 1 из 24

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Мектептің аты

 

 

Бағыты:

Секциясы:

 

Тақырыбы: Ә.Кекілбаев шығармаларының тілдік-көркемдік ерекшелігі

 

  

Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,

мектебі, қаласы)

  

Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

мектебі, қаласы)

 

Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, қызмет орны)                    

 

 

 

 

2021 жыл

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ............................................................................................................ 3

  1. Ә.Кекілбаев шығармаларының тілдік-танымдық ерекшелігі ................. 5

  1. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ішкі монолог қолданысы  ................ 12

Қорытынды ................................................................................................... 19   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................. 20


КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі.  Әбiш Кекiлбаев – қазақ рухани әлемiнiң iрi тұлғаларының бiрi. Халықтық дiл қайнарларынан терең сусындап, әлемдiк ақыл-ой аңсарларын жан-жақты жiтi зерделеу арқылы даралық биiгiне көтерiлген қаламгер – ұлттық мәдениетiмiздегi жаңа құбылыс. Оның шығармашылық қуатының алтын өзегi, адастырмас ариадасы – уақыт. Ол үшiн тарих – тек тақырып емес, рухани темiрқазық және адам өмiрiнен, қоғам тағдырынан әлде-қайда биiк тұрған мәңгiлiк өлшемi. Дүние құбылыстарына сол заңғардан көз салады.

Тiл құнарын терең игерiп қана қоймай, оны тамаша түрлендiре де бiлетiн сөз зергерiнiң ойшылдық стихиясы басым. Ойшыл қаламгер көркем сөз кестелерiн көңiл аулар қызыл-жасыл бояу ретiнде емес, өзiне тартып барып, өзегiн тануға жетелер өзгеше жолбасшы ретiнде пайдаланады. Ол үшiн сөз сұлулығы мен ой тереңдiгi екi түрлi категория емес тұтас бiр болмыс. Сондықтан да көпшiлiк оның ойы мен сөзiн бiрдей жақсы көредi. Ойшыл үшiн де, суреткер үшiн де бұл аз бақыт болмаса керек. Әбiш Кекiлбаев шығармашылығының шырайын шығарып тұрған-оптимистiк, өмiршеңдiк рух. Жылағанмен қоса жылап, жасыққа жеңгетайлық жасауды емес, шикiнi ширату мен мықтыны мадақтауды мұрат тұтады. Шартпа-шұрт «не бар, не жоққа» емес, табиғи ұстамдылық пен ұшқырлыққа iш тартып, өлермендiкке емес өмiрдiң өзiне жүгiнуге көбiрек бүйрек бұрады. Айсберг тәрiздi: айтқысы келгенi – айтқанының астарындағы алып мұздақ. Тақырып маятнигi мәңгүрттiк пен мәрттiк арасындағы кең амплитудада еркiн тербелгенiмен, ат байлары айқын: адамгершiлiк, адалдық пен әдiлдiк, тазалық пен тектiлiк.

Ә.Кекiлбаевтың жазушылық шеберлiгiнiң бiр қыры – дүниетанымдық сөздiк қорын өзiне дейiнгi және өз тұсындағы көркем әдебиет туындыларынан ерекшеленiп, өзiндiк жол саралануы. Ә.Кекiлбаев шығармаларынының тiлдiк қолданысы мен тiлдiк, стильдiк ерекшелiктерiн, ондағы дүниетанымдылық лексиканың қолданысына тоқталу арқылы жалпы ана тiлiн қолданушы ретiндегi Ә. Кекiлбаев тұлғасы айқындала түспек. Сондықтан да біз ғылыми жұмысымызда Ә.Кекілбаев шығармаларының тілдік ерекшелігін ғылыми тұрғыдан зерттелуі тақырыптың өзектілігі деп көрсетеміз.

Зерттеу жұмысының нысаны. Бұл жұмыста Ә.Кекілбаев шығармаларының тілдік ерекшелігі жеке зерттеу нысаны ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тілдік бірліктердің тілдік, танымдық табиғатын ашу, ерекшеліктерін айқындау. Бұл мақсаттарды орындаудағы басты орындалатын міндеттер мыналар:

  •  Ә.Кекілбаев шығармаларына тілдік талдау жасай отырып, жазушының «тілдік тұлғасын» айқындау;
  • Қаламгер шығармаларының тілдік-танымдық ерекшеліктерін анықтау;
  •  «Тілдік тұлға» тіркесіне түсініктеме отырып, Ә.Кекілбаевтың тілдік тұлғасын ашып көрсетуге ұмтылыс жасау;  
  • Ә.Кекілбаев тілдік тұлғасындағы өзекті тілдік-танымдық бірліктерге талдау жасау;  

  Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ішкі монолог қолданысын ашып көрсету;

– Қаламгер шығармаларынан жинақталған тілдік материалды мысалға келтіре отырып, талдау жасауға назар аударылды.

...

Скачать:   txt (80.5 Kb)   pdf (440.5 Kb)   docx (221.6 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club