Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай мұрасы- қазақтың қасиетті қазынасы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Эссе  •  657 Слов (3 Страниц)  •  473 Просмотры

Страница 1 из 3

               

Абай мұрасы- қазақтың  қасиетті қазынасы

Абай сөзі-қазақтың бойтұмары

                                                                                                Н.Назарбаев

     Абай мұрасы. Біз мектеп оқушылары Абай шығармашылығымен қаншалықты таныспыз? Абайдың рухани мұрасының халқымыздың қасиетті қазынасына айналуының мәні неде? Жалпы әлем халқы мойындаған талантты тұлғаны қаншалықты білеміз деген сұрақтар туындайды.  Ия, біз мектеп бағдарламасына сәйкес бастауыш сыныптан бастап ұлы ақынның шығармашылығымен танысып, өлеңдерін жатқа айтамыз. Абай отыз бірінші қарасөзінде «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек; төртінші- ой кеселді нəрселерден қашық болу керек...»,- дейді. Бірақ ойшыл айтқандай оқыған  нәрсені есте сақтауда тұшынып,  ынтамен ұғып,  ғибрәтләнуді ескере бермейміз. Міне, Абай шығармашылығын болсын, жалпы қолымызға қандай кітап алсақ та ең бірінші осы қарасөзіндегі айтылған ойды  ұстаным ретінде мақсат етіп қойсақ, нәтижелі білімге қол жеткізген болар едік.

     Абай өз заманында қазақ халқын қараңғылықтан алып шығатын жол тек алдыңғы қатарлы мәдениет ғана деп білді. Сондықтан да ол қазақты мәдениеті ілгері елге жақындату амалын қарастырды. Осы ізгі мақсатын өзінің тамаша шығармаларының өзегі ете білді. Дәулеттің ең маңыздысы, асылы- білім деп білген Абай жастарды салғыртсымай, ғылымды меңгеруге шақырады. Оған өзіміз жаттаған «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдері мен «отыз екінші қарасөзіндегі» айтқан ойлары дәлел. XXІ ғасыр ақпараттық технологиялар, білімділердің бәсеке құратын ғасыры деп жатамыз. Абай аңсаған ғылымды игеруге бізге ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын, ең бастысы ынта қойып, сапалы білім алып, сонымен  қоғамға пайда келтіру. Расымен, қазір Абай ілімі барлық қазақ қоғамын замана көшімен рухани сусындандырып келе жатқан сияқты. Ұлт зиялысы Міржақып Дулатовтың «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз...» деген сөзін уақыт дәлелдеп жатқандай.

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (45.6 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club