Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мал азықтық алқаптарды ұйымдастыру

Автор:   •  Август 13, 2019  •  Лекция  •  2,113 Слов (9 Страниц)  •  1,377 Просмотры

Страница 1 из 9

Модуль 4.

Тақырып 2.

Мал азықтық алқаптарды ұйымдастыру        

1.Мақсат-міндеттері, мазмұны және жалпы орындау реттілігі

2. Ауыспалы жайылымдар жүйесін ұйымдастыру

3. Ауыспалы жайылымдар территориясын реттестіру

4.Шабындықтардың территориясын реттестіру әдістемесі

5.Көлтабан, оны пайдалану жүйесі

Қазақстанда шабындықтардың ауданы шамамен 5 млн.га немесе ауылшаруашылық алаптарының 2% алып жатыр. Көптеген шаруашылықтарда орналасқан жері, ылғалдылығы, бедері бойынша басқа ауылшаруашылық алаптарына пайдаланылмайтын алаптар, яғни төмен жерлер мен өзен жайылмалары аса ылғалды учаскелер шабындыққа бөлінген.

      Бұл алаптардың өнімділігі, әдетте, табиғи жайылымдардан жоғары болады. Шабындықтарды жақсарту олардың өнімділігін көтеру мал азығы өндірісінің маңызды резевтерінің бірі болып табылады.

     Ғылыми мекемелер мен алдыңғы қатарлы тәжірибе шабындықтардың өнімділігін  көтеру бойынша төмендегідей шаралар ұсынып отыр:

  • көпжылдық мал азықтық шөптерді араластырып себу және қайта өңдеу арқылы түбегейлі жақсарту;
  • органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу, арамшөптерді жою және оттылығын күтудің басқа шараларын жүргізу;
  • көлдете және жүйелі түрде суару, өте ылғалданған учаскелерді құрғату.

Шалғынды жерлердің өнімділігін жыл бойы мал жаю мен шөп шабуды

кезектестіру  негізінде сақтаудың маңызы зор. Құрамында протеин мен витамин бар мал азығының сапасын, шөптердің масақтану және гүлдеу фазасында ору кезінде алуға болатындығы ғылым мен тәжирібе арқылы дәлелденген. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы жыл сайын шөпті ерте ору, өсімдіктердің бірте-бірте жойылуына және соның негізінде шабындықтың өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.

    Шабындықтың өнімділігін мал жайып отыру арқылы сақтауға болады. Ол жердің оттылық сапасының жақсаруына, шабындықтардағы арамшөптермен күресуге ықпалын тигізеді. Осылай аралас (шабындық-жайылым) пайдаланғанда шөптер жақсы сақталады, ал шалғынның өнімділігі 30-40%-ға жоғары болады. Сонымен қатар шабындықтардың балауса шөбін мал жаюға пайдалану жайылымдық кезең бойы жасыл массаның біркелкі түсуіне ықпалын тигізеді.

Шабындықтардың территориясын реттестіру әдістемесі

    Ауыспалы шабындықты ұйымдастыру және олардың территориясын орналастыру.

    Шабындықты жақсарту және орналастыру жөніндегі шаралар жерге орналастырулық зерттеулер процесінде оларды паспорттау негізінде жасалады. Бұл кезде шабындықты массивтердің келесідей сипаттамалары алынады: шабындық түрлері, олардың іс-жүзіндегі  пайдаланылуы, бедері, топырағы, ылғалдану дәрежесі, өсімдік типтері, олардың ботаникалық құрамы және мал азықтық құндылығы, жер бетінің культуртехникалық жағдайы, шөпті техникамен жинауға және басқа жұмыстарды орындауға учаскелердің жарамдылығы.

       Ауыспалы шабындықтың схемасы шабындықтың типін, учаскенің топырақтық-климаттық жағдайларын, сонымен қатар шаруашылық-ұйымдастыру талаптарын, әсіресе шаруашылықтың жоғары сапалы шөп, пішендеме, жасыл мал азығын алуын ескеруі тиіс. Әдетте, ауыспалы шабындық 4-6 жылдық ротациямен жобаланады. Мысалы,  құрғақ алқапты шалғындарда төрт жылдық ауыспалы шабындық ұсынылады. Мұнда жыл бойынша шөп шабу мерзімін кезектестіру төмендегідей: 1-ші жыл-масақтану фазасында бірінші шөп шабу; 2-ші шөп шабу-балаусаны ору; 2-ші жыл-гүлдей бастау фазасында бірінші шөп шабу; 2-ші шөп шабу-балаусаны ору; 3-ші жыл-масақтануфазасында бірінші шөпшабу;   2-ші шөп шабу-балаусаны ору; 4-ші жыл толық гүлденген фазасында бірінші шөп шабу; 2-ші шөп шабу-балаусаны ору.

        Ылғалдылығы жеткілікті аудандардағы,екі рет шөп шабуға болатын, жайылмалы шалғындарда ауыспалы шабындықтың келесідей схемасын ұсынуға болады.

      1-ші жыл-тұқымдардың пісу фазасында ору, 2-ші жыл-масақтану фазасында; 3-ші және 4-ші жылдары-гүлдену фазасында; екінші рет шөп шабуды балауса шөптің шығуына қарай.

   Ауыспалы шабындықтың танаптарын орналастыру.

   Танаптардың аудандары механикаландырылған жұмыстарды аз шығынмен орындауға жеткілікті болуға тиісті. Мүмкіндікке қарай олар тең ауданды болғаны дұрыс.

...

Скачать:   txt (26.1 Kb)   pdf (177.2 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club